Танымал әнші Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі Арыстан 18 жастағы қызға үйленді. Той Алматыдағы мейрамханалардың бірінде дүркіреп өтті, деп хабарлайды KZNEWS Express Qazaqstan агенттігіне сілтеме жасап.
Қуанышты сәттен түсірілген видео Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жарияланды.
Арыстан болашақ жарымен ұзақ жүрмеген екен.
«Біз қыз бен жігіт болып ұзақ уақыт жүрмедік. Үшінші кездесуде ол маған ұсыныс жасады. Бірінші кездесуде кейін Арыстан бірден саған үйленемін деді. Уәдесін орындады»,— дейді Арыстанның жары.
Әуелбекованың бұрынғы күйеуі Арыстан келіншегінің есімін және оның немен айналысатынын ашып айтпады.
Мөлдір 2015 жылы Арыстан есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шығып, екі жылдан кейін ажырасып кеткен еді. Араларында бір ұл бар.
Ал былтыр әншінің өзі екінші рет тұрмысқа шықты. Өнер иесі екінші рет ақ келін атанғанын Instagram парақшасында жазған болатын.
KZNEWS Express Qazaqstan