Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі көлік сыйлап, кейін көлікті 5 миллион теңгемен бірге көлікті қайтаруды талап еткен.
Бұл жайлы әнші Instagram-ның сторисінде жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Мен айдаған бэнтли бар емес пе? Сомен дтп-ға түсіп қалдым. Алла сақтап дін аманбыз”, - деп жазған әнші кейін көлікті сыйлаған адам көлікті 5 миллион теңгемен бірге қайтаруды талап еткенін жазды.
“Бұл бэнтлиді маған сыйлаған еді. Енді, осы дтп үшін бэнтлиді сыйлаған адам алып қойып, сондай-ақ бамперін жөндеуге 5 000 000 теңге ақша талап етіп отыр. Ужас! Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы”, - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
“Әңгіме бұрынғы күйеуіңіз туралы ма” деген оқырманның сұрағына Мөлдір Әуелбекова “Әрине”, - деп жауап берді.