Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын мойындады. Бұл жайында әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Әуелбекова жалғызбасты ана болудың қиын екенін айтты. Дегенмен ол еш мойымайды.
Мен ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі менде басқа амал жоқ. Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек. Сіз де құлазымаңыз. Еш мойымаңыз. Алла көтере алмайтын сынақ бермейді, — дейді Мөлдір Әуелбекова.
instagram.com/moldir.auyelbekova
Мөлдір болашақта әншілікті тастайтынын алға тартты.
instagram.com/moldir.auyelbekova
Негізі әйел болғым келеді. Бірақ өмірдің қаталдығынан еркек те болуға мәжбүрмін. Болашақта өнерді түбегейлі тастаймын, — дейді әнші.
instagram.com/moldir.auyelbekova
Өнер иесі өткен жылы екінші рет тұрмысқа шыққан болатын. Әуелбекова осы жылдың маусым айында қыз босанды. Қазір әншінің бір ұлы мен бір қызы бар.