Менің жолымды берсін: Бүлдіршіннің тұсауын кескен Сиви Махмұди сынға қалды (видео)
Әнші Сиви Махмұди бүлдіршіннің тұсауын кесті. Әншінің бұл әрекетіне қолдау білдіргендер де, сын айтқандар да көп.
“Кеше кішкентай Айзере ханшайымның тұсауын кестім. Өзі сондай тәп-тәтті балапан. Бакытты бол жаным, кем дегенде менің жолымды берсін”, – деп жазды әнші парақшасында.
Желі қолданушылары мұны жақсылыққа жорып, қолдап жатыр. Енді бірі тұсауды дұрыс кеспегенін айтты.
“Тұсауды пышақпен емес, қайшымен кеседі”, “Тұсауды алдынан емес, арт жағынан кеседі”, “Тұсауды құрметті үлкен кісілерге кестіруші еді”, деп жазды олар.
“Айтқаныңыз келсін, сіздің жолыңызды берсін, бүлдіршіннің қадамы құтты болсын”, “тәтті балапан, сізге ұқсаған сұлу әнші болсын” деп жазды енді бірі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу