Мені көргенде "адалым", "жалғызым" деп жылады: Нұрғали Нүсіпжанов екінші рет отбасын құрған соң алғаш рет сұхбат берді

Мені көргенде "адалым", "жалғызым" деп жылады: Нұрғали Нүсіпжанов екінші рет отбасын құрған соң алғаш рет сұхбат берді

Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанов сұхбат берді. Халық сүйген азамат, өмірге құштар болып өскен әнші өткені мен бүгіні жайлы айтты. Өнер әлеміне қалай келгенін тағы бір баяндап берді.

Бұл туралы халық әртісі NUR TILEÝ бағдарламасында айтты. 

 Нұрғали Нүсіпжанов Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келген.

Ауылда өскен бозбала мектептен кейін ата-анасына қолғанат болып, екі жыл қой бағады. Қарт ата-анасының жанында жүреді. Мектепте оқып жүрген шағында-ақ аудан мен облысқа танылып қалғандықтан, оның оқуға деген құмарлығы арта түседі. Мұны байқаған әкесі ұлын оқуға аттандырып, батасын берген екен. 

"Бастапқыда суретші болғым келді. 4-5-сыныпта жүргенімде ағашты ойып, домбыра жасағанмын. Сондай қабілетім болғандықтан суретші болсам дедім. Кейін архитектор болсам ба деп ойладым. Себебі әке-шешем мал соңында жүрген жандар еді. Жүдеу үйде тұрды. Әке-шешем қарт кісілер еді. Олардың жиған артық дүниесі болған жоқ. Оларға үй салып беруді армандадым. 7 жыл консерваторияда оқыдым. Каникул кезінде барып, үй салуды бастадым. Солайша 3 жыл ішінде екі бөлмелі үй салып бердім. Ол үй әлі де бар", - деді Нұрғали аға.

Әке-шешенің батасын алған соң жас әншінің тасы өрге домалап, әндері кеңінен таныла бастады. Қазақтың маңдайына біткен жұлдызы, композитор Нұрғиса Тілендиевпен танысып, өмірінің соңына дейін аға-іні болып араласты. 


"Мені тәнті етті": Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші Жадыра Сейдешке неліктен үйленгенін айтты

Нұрғали Нүсіпжанов: Ел айтар, бірақ осы жасқа келгенде, дұрыстап өмір сүргім келеді

"Нұрғиса Тілендиев ағам маған 30-дан аса ән жазды. Өмірінің соңғы 30 жылында менің даусыма арнайы әндер жазды. Мен сапарлап бір айдай келмей кетсем, телефон соғып шақыратын. Барсам көзіне жас ала құшақтайды. "Адалым", "жалғызым" деп атайтын. Ол кісі екеуміздің арамызда таза творчестволық махаббат болды. Оны шығармашылық адамдар жақсы түсінеді. Одан бөлек Шәмші ағамды қатты құрметтеймін. Екеуі де мені атымды атамай Нұрғаш деуші еді", - деп әнші көзіне жас ала сағынышпен еске алды.

Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев сынды тұлғалардың жеке басын құрметтеп, өнеріне тәнті екенін айтты. Өзіне үлгі тұтты, олардан үйренген нәрсем көп болды дейді.

Әнші жақында замандасынан айырылды. Өзі өмірден өткен досы, мықты композитор Мыңжасар Маңғытаевтың аманатын арқалап қалғанын айтты. 

"Мыңжасар Маңғытбаев деген композитор Нұрағамнан кейінгі жақсы, кәсіби композитор еді. Жақында өмірден өтті. Маған 5 әнін аманат етіп қалдырып кетті. Сол әндерді оркестрдің сүйемелдеуімен шырқап, елге жеткізіп, 80 жыл өмір сүрген сазгердің аманатын орындасам деген жоспарым бар", - деді Нүсіпжанов. 

Халық әртісін көпшілік өзіндік стилімен даралап жатады. Сахнада асқан салмақтылық танытып, қозғалмастан әнін шырқайды. Әнші осы ретте сахнада қозғалыссыз тұрып ән айтуының себебін ашып айтты. 

"Менің міндетім ақын мен сазгердің аманатын елге жеткізу. Мен өзімді көрсетуге ұмтылған емеспін. Мен өзімнің қимылым арқылы, биім арқылы өзімді көрсеткім келмейді. Мен әннің өзімнен дұрыс шыққанын қалаймын", - деді әнші аға. 

Адалдықты, ақиқатты жаны сүйетін әнші аға өрелі әңгіме айтып, салиқалы сұхбат берді. "Әкем шопан болса да, дана кісі еді" дейді. Әкесінің көзі тірісінде айтқан даналық өсиетін жеткізді. 

"Әкемнің өсиетімен өмір сүрдім. "Аманатқа адал бол. Ақиқатты сүй" деген қағидасы мәңгі жадымда қалды", - деді халық әртісі. 

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов 80-нен асқан шағында өзінен 45 жас кіші журналист қызды жар етті. Әншінің екінші рет отау құрғанын құп көргендер де, сынағандар да жетерлік. Бұл әншінің екінші рет отау құрғаннан кейінгі алғашқы көлемді сұхбаты. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста