Меңдекеш мұрасы мәңгілік

«Жарқ етіп жанар, көтеріп иық,
Алдыңа шықса құйындап.
Кетпесең, халқым, өлеңге сыйып,

Ақынның бағы – қиын бақ!». Осылайша жырлап, бақидан фәниге ерте озған оғылан  ақын Меңдекеш Сатыбалдиев­тің бұл дүниедегі ғұмыры отыз алты жыл ғана болды. Қазақ өлеңін тағы бір биік сатыға көтеріп, құбылыс болып келген тағдырлы ақын Меңдекештің туғанына биыл – 75 жыл. Осы мерейлі датаға орай облыстық мәдениет басқармасы, облыс­тық халық шығармашылығы орталығы мен «Айтыс» қоғам­дық қоры жас ақындар мүшәй­расын ұйымдастырып, өлеңге өртеніп кеткен қалам иесін еске алу шарасын өткізді.


«Мен — көктегі найзағай күркіреген» деген тақырыпта өткен мүшәйраға 19 жас ақын қатысты. Меңдекеш Сатыбалдиевке арнау өлең мен еркін тақырыптағы бір өлеңді жатқа оқу және белгіленген уақыт ішінде берілген тақырыпқа екі шумақтан кем емес өлең шығару секілді шарттардан тұрған мүшәйра Атырау жерінде Меңде­кеш ақынның ізбасарлары аз емес екенін әйгілеп берді.
Меңдекеш Сатыбалдиевтің көзін көр­ген, сыйлас болған, ақын, Жазушылар ода­ғының мүшесі Аманқос Ершуов төраға­лық еткен қазылар алқасының құрамында жергілікті қаламгерлер Қойшығұл Жылқы­шиев, Жеңіс Аронов, Төлеген Берішбаев, Төлеген Жаңабаев және халық шығарма­шылығы орталығының әдіскері Ақмарал Бисеновалар болды.

Өмірдерек
Меңдекеш Сатыбалдиев (1937–1973) Атырау облысының Ембі (бұрынғы Жылыой) ауданында, Аманкелді ауыл кеңесінде туған. Облыстық «Социалистік құрылыс», «Коммунистік еңбек», «Теңіз», «Есбол» аудандық газеттерінде, облыстық радиохабарларын тарату комитетінде қызмет атқарған. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналис­тика бөлімін бітірген. «Қазақстан» баспасының көпшілік әдебиеттер редакциясын басқарды.  «Жартастағы жазулар»  атты очерктер жинағы мен «Ақ моншақ», «Шулайды толқын», «Күн шуағы», «Қызғыш құс» жыр кітаптары оқырманға кеңінен таныс.

Ақын рухына арнаған өлеңдерін жары­са оқыған жас таланттардың аяқ алыстары қуантарлық. Мүшәйра қорытындысы мен жыр аламанының бас жүлдегері болып Қызылқоға ауданындағы Ғабдол Сланов атындағы орта мектептің 11-сынып оқу­шы­сы Әділбек Қайыров танылды. Бірінші орынды Махамбет атындағы облыстық драма театрының әдеби қызметкері Артур Яһуда иеленді. Қара өлеңнің қасиетін жастайынан таныған қызғалдақтай екі қыз — Әсел Таушанова мен Данагүл Берекет екінші жүлденің тұғырынан көрінді. Үшінші орын бұған дейін де талай ақындар ала­манында алдыңғы қатардан көрініп жүрген Арман Жайықбаев, Нұрлан Мұрат пен Айбо­лат Нұрниязовтардың еншісіне тиді. Мүшәй­раны қорытындылаған қазылар алқасы­ның мүшелері, Меңдекеш Сатыбал­диевтің көзін көрген ағалар әдемі естелік­терімен бөлісті.
Жылдар жылжып, заман ауысса да, ар­тына өлмейтін сөз қалдырған ақын мұрасы – мәңгіліктің еншісінде сөнбес сәуледей салтанат құрып тұрары сөзсіз. Меңдекеш ақынның жыр мұрасы да мәңгілік жасай­тынына сенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста