"Мен тумаймын деп айқайладым": Гүлнәр Сілбаева ұлын өмірге қалай әкелгенін айтты

Қазақстандық актриса, КВН-ші Гүлнәр Сілбаева жақында ана атанды. Ұл баланың анасы атанған жас ана босану сәтіндегі қиындықтарын мен қызықтарын айтты.

Гүлнәр Сілбаева бір ұлдың анасы атанды. Актриса жолдасы екеуі ата-ана атанып, халықтан сүйінші сұрады. Кейінгі жазбасында ол ұл баланы өмірге қалай әкелгенін айтты.

 
“Мен перзентханада 4 күн жаттым. Төртінші күні дәрігерлер маған жеңіл босану үшін түрлі беріп жатты. Мен оларға бекерге әуре болып жатырсыңдар, мен бәрібір тумаймын дедім. Бір сәтте қашып кеткім келді. Маған физикалық тұрғыдада, психологиялық тұрғыда да қиын болды”, – дейді актриса.

Әзілкештің айтуынша, оны аяқ астынан отаға алып, босануға дайындаған. 

“Мен жолдасыма хабарласып едім, ол тұтқаны көтермеді. Мен хабарлама жазып үлгердім. “Қымбаттым, мені кесарь тілігін жасауға алып кетті. Баламыз өмірге келе жатыр” деп жаздым. Осыдан соң 20 минуттан кейін медбикелер ұлымның өмірге келгенін айтты”, – деді Сілбаева. 

“Сен бүгін туылуың керек еді. Бірақ екі ай уақыт бұрын тудың. Бұл керемет әлемге қош келдің, Зейін, біздің кішкентай баламыз. Әкең екеуміз сені күттік. Сен де бізге асыққан шығарсың”, – деді актриса. 

Актриса ұлын екі ай бұрын дұниеге әкелді. Алайда қуаныштың ерте-кеші жоқ. Жаңалықта естіген әріптестері, өнер өкілдері мен желідегі оқырманы құтты болсын айтты. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста