"Мен қателестім": Рахман Омар бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты

Белгілі актер Рахман Омар алғаш рет бірінші некесі жайлы сөз көзғады. Актер балаларымен ара қатынасы, әкелік міндеті жайлы баяндады. Әке бала алдындағы міндетін мойындайды. Өткені мен өкінішін еске алады.

Бұл туралы актер “Менің өмірім” бағдарламасында сыр шертті. Рахман Омар не себепті бірінші отбасынан кетті, бірінші әйелімен не үшін ажырасты деген көрермен сұрағы көп. Актер бұл сұраққа жауап бергісі келмейді. Алайда бір нәрсенің басын ашып айтты. 

“Мені бірінші отбасын тастап кетті деп жатады. Шындығында мен ешкімді тастап кеткен жоқпын. Кінә екі жақтан да болады. Ешқашан бір адам кінәлі болмайды. Мен өзімді ақтап алғым кеп тұрған жоқ. Өзімді кінәсіз етіп көрсеткім келмейді. Бұл отбасылық түсінбестіктен туған мәселе. Өзім көп тойда боламын. Сонда кей отбасында ата-анасы болмайды, анасы болса, әкесі болмайды. Ажырасып кеткендер болады. Қанша жыл жоқ болып кетіп, тойға кеп тұрған әкелер болады. Балаларына қарайласпайтын әкелер болады. Сондайда әкесі тастап кетті десе болатын шығар. Мен балаларыма қарайласып тұрдым. Жағдайын жасадым. Олармен араласпай кеткен жоқпын. Оны міндетсінбеймін, себебі ол менің міндетім. Менің әкелік парызым. Ақталғым келмейді”, – дейді тележүргізуші. 

Айтуынша, баланың қасында әкесі болғаны дұрыс. Бұл оның өмірдегі өкініші. Әр ата-ана бірінші кезекте махаббатты емес, баланы ойлағаны жөн дейді ол.

“Әр бала әкесімен бірге болғысы келеді. Әкем қасымда болса деп армандайды. Сол жағынан келгенде менің қателігім болды. Оны мойындауым керек. Уақыт өте келе түсінгенім – бірінші кезекте балаларды ойлау керек екен. Балалардың еш кінәсі жоқ қой. Махаббат махаббатымен, бірақ балаларды ойлау керек. Сынған ыдыс жамалмайды, жамалса да сызат қалады. Сондықтан бұл мен үшін өте қиын сұрақ. Көп сұхбаттан қашатын себебім де сол”, – деді актер.

Актердің екінші отбасында бір қыз, бір ұлы бар. Ұлы асқан математик, қызының суретшілік өнері бар. Есімінің өзін Ғажайып деп аян алған соң қойған. 

“Қызымның есімі Ғажайып. Келіншегімнің түсіне марқұм әкесі кіріп, жақында ғажайып болады, ғажайып болады” деп аян берген. Ол кезде әйелім жүкті де болмаған. Кейін бала көтеріп, қыз туған соң есімін солай қойдық. Суретшілік өнері бар екен. Салған дүниелері шедевр. Оны өзіміз де жақынды білдік. Өзінің қияли әлемі бар. Өзінше ерекше қыз. Ал ұлым математикаға бейім. Математиканы жаны сүйеді. Келіншегімнің де жағдайы жақсы. Анасы аман. Жақындары аман. Күйеуі қасында. Балалары аман. Жоқ деп шүбә келтіре бергім келмейді. Адамға көп нәрсе керек емес қой. Амандық болса болды”, –деді Рахман мырза. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста