Әйелімен бірге видео түсірген Жахан Отарғалиев өзінің "подкаблук" екенін мойындады. Instagram-дағы парақшасындағы кезекті вайнында "подкаблукпын" деп айқайлаған Жахан желідегілердің сынына қалды, деп хабарлайды Экспресс К.
Мен мойындайымын. Мен — подкаблукпын. Ал, кесіп ал. Біздер азбыз, за то тоқпыз, — дейді ол видеода.
Желі қолданушылары актердің үйленгелі өзгеріп кеткенін жазды.
"Фу не болып кеткен", "Қудың, бауырым", "Қатын сияқты шаңқылдап", "Артық кетті", Мойында, мойындама, одан келер пайда не?", деген пікір қалдырды олар.