«Мен әлі жарқ етемін... Ант етемін!..»

«Мен сыйға тартқан орамал» әнімен ә дегеннен-ақ тыңдарман қауымды елең еткізген Роза Әлқожа, өзі айтпақшы, өнерге үлкен тәуекелмен келді. Қалталы демеушісі, не бір ықпалды сүйеніші жоқ қаршадай қыз ең әуелі бір Аллаға, сосын өзінің туа біткен дарыны мен өнерге деген шексіз сүйіспеншілігіне ғана сенді. Әйтпесе музыкаға арнайы маманданбаған, не әншіліктің, не композиторлықтың мән-жайынан хабарсыз адамның жасы 20-ға жуықтағанда ән жазып, кәсіби сахнаға көтерілуі және кілең жүйріктердің ортасынан ойып орын алуы өте сирек жағдай.
Әрине, Роза бүгінгі биігіне бір күнде жеткен жоқ. Бұл – балауса жастың бойында жылдар бойы бұғып келген таланттың әбден қайнауы жетіп барып бүр жаруы және осы жолдағы үлкен ізденісінің нәти­жесі. Бір анығы, білім тек қана оқумен кел­мейді. Кітаптың сыртындағы таным әлде­қайда кең әрі шексіз. Оны меңгеру үшін адамға көкірек көзі керек. Роза – көкірек көзі өткір, зерделі жан: ақын, композитор, әнші. Сол себепті де оның өзіндік ой-ар­маны, сезімі, өмірге көзқарасы, адамдық ұстанымы ән-әуен­дерінен әдемі сипатта төгіліп, тыңдарман жүрегіне жетіп жатады. Роза өзі ән жазса да, өзгенің әнін орындаса да, елге ұсынар әрбір дүниесіне үлкен тал­ғам­мен, жауап­кер­ші­лікпен қарайды. Әнші-композитордың «Сағындым сені», «Жібектің елі», «Ол көктем ораламайды», «Ізде­мейсің», «Ару қалам – Астанам», «Ар­да­ғымсың», «Мына өмір ғажап қандай!», «Ертістің жағалауында» тәрізді басқа да көп­теген туындыларының ел арасында ерек­ше танымал болуының бір сыры да осында.
Розаның ерекше дарынын өнердегі аға буын мен әріптестері де бүгінде жоғары баға­лап жүр. Мәселен, Розаның бірнеше әндеріне сөз жазған белгілі ақын Қасымхан Бегманов өзінің бір сөзінде: «Розаның әнде­рінде кешегі Шәмші, бүгінгі Ілия Жақанов ағаларымызға тән вальстік ырғақ бар. Розаның әндерінен басқа сазгерлердің ешқайсысына ұқсамайтын көзге көрінбес бір мұң, сарқылмайтын сағыныш сезіледі. Оның екі-үш минуттық қысқа әнін тың­да­ғанда керемет бір қойылым көргендей немесе бір роман оқығандай әсер аласыз», – десе, танымал театр сыншысы Әшірбек Сы­ғайдың: «Розаның қай әні болса да, сөзі анық, ырғақтары әсем, содан болар, құ­лақ­тан кіріп, жүректен орын алады. Роза сияқ­ты әншілер көп болса, онда қазақ эстра­дасының көкжиегі кеңейері даусыз», – дегені бар.
Шығармашылығына шындап ден қойып, әнді өндіре жазып, мәртебелі сах­на­лардан жарқырай көрініп жүрген Роза соңғы екі-үш жыл көлемінде Ал­матыда, Астанада бірнеше рет есеп беру концертін берді. Мұның сыртында еліміздің батыс, шығыс өңірлерін, облыс, аудандарды ара­лап, өнер көрсетіп қайтты, «Ән салшы, Роза», «Мен сыйға тарт­қан орамал», «Жү­рек назы» атты альбомдарының тұсауын кесті. Бір анығы, Розаның әндері өзі үшін ғана жазылатын шығармалар емес, әріп­тес­терінің де үлкен сұранысына ие дүние­лер. Яғни оның туындыларын өнердегі дос­тары Еркін Нұржанов, Ақбота Керім­бе­кова, Баян Нұрмышева, Ләззат Жана­ма­нова, Әлия Үмбетова сынды өнерпаздар мен «МузАрт» тобы да орындап жүр. Сол сияқ­ты, Фариза Оңғарсынова, Жүрсін Ер­ман, Ғалым Жай­лыбай, Гүлнар Салықбай, Қасым­­хан Бег­манов секілді белгілі қалам­гер­­­лермен және Ақмарал Ілеубаева, Бауыр­­жан Әлқожа, Бақытгүл Бабаш, Роза Сейіл­хан тәрізді қаламдас құрбы-құр­дас­та­рымен де Роза тығыз шығармашылық бай­ланыста.
Әнін шығара білгенімен, сөзін екшей алмайтын немесе, керісінше, сөзін дұрыс таңдағанымен, әуенін үйлестіре алмайтын композиторлар жоқ емес. Розаның бір артықшылығы, ол сөздің де, саздың да қа­дірін біледі, екеуінің де қасиетін бала жа­сынан құлағына құйып, зердесіне сіңіріп өскен. Бойында ата-бабасынан дарып, қан­мен келген бір бекзаттық, тектілік бар. Розаны даралайтын тағы бір ерекше қасиет, ол – мінез. Қараңызшы:
Мен әлі тірілемін,
Бұрымды сілкіп тастап.
Өкініш парақтарын
кеудемнен жыртып тастап.
Сол кезде дұшпандарым
Сесімнен үркіп қашпақ.
Мен әлі көрсетемін
Үміттің өлмейтінін,
Бар жұлдыз сөнбейтінін.
Бір Аллам берген қуат
Бұғауға көнбейтінін.
Мен әлі жарқ етемін,

Ант етемін! – деген сөздердің ар жа­ғында қаншама өрлік, бәлкім, ерлік жатыр. Демек, өзі айтпақшы, Розаның жарқ етер сәті әлі де алда. Ал әзірге...

Елінің ерке қызы Роза Әлқожа 14 жел­тоқсанда Алматыда Ө.Жол­дас­беков атын­дағы Студенттер сарайында шығар­ма­шылық концертін береді. Екі уақытқа, яғни күндізгі сағат 16:00 мен кешкі сағат 19:00-ге белгіленіп отырған бұл өнер кешіне әнші-композитордың Заттыбек Көп­босынов, Еркін Нұржанов, Хадиша Сейітова, Бақытгүл Алшын, Әбді­жап­пар Әлқожа сынды әріптестері қаты­сады. «Ақ жаңбыр», «Айдыным», «Сүйемін мен сені» сынды басқа да бірқатар жаңа ән­де­рінің тұсауы кесіледі. Сөйтіп, талант­ты әнші-ком­по­зи­тор өзінің жыл бой­ғы шы­ғар­ма­шы­лық ізденісін осын­дай әдемі кон­церт­пен қорытындыламақ. Ендеше, ән кешінде кездесейік, ағайын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста