Мемлекеттік хор капелласы орыс музыкасының кешіне шақырады

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы «Орыс хор музыкасының кештері» аталатын бағдарламаға шақырады. Үш кон­церт­тен тұратын кештің алғашқысы орыстың атақты композиторы, пианист Сергей Иванович Танеев шығармашылығына арналады.
Хор музыкасы кеші ақпанның 8-і күні Үлкен залда сағат 18.30-да басталады. Бағ­дарламада С.И.Танеевтің орыс поэзиясының көрнекті өкілдерінің шығармаларына жазған музыкасы орындалады. Айталық, бұл күні А.А.Феттің «Серенада», «Түнгі Венеция», М.Ю.Лер­монтовтың «Қарағай», Я.П.Полонс­кийдің «Қарашы, қандай түнек», «Бейітте», «Кеш», «Бүркітке ұя болған мұнара үйінді­сі­не», А.С.Пушкиннің «Қазбектегі монастырь», «Адельге», К.Д.Бальмонттың «Тыныштық», «Елестер», Ф.И.Тютчевтің «Күншығыс», «Альпі» өлеңдеріне жазылған композициялар орындалады. Б.Байқадамов атындағы хор капелласы – халықаралық, бүкілодақтық фестивальдардың лауреаты, әлем бойынша табысты өнер көрсетіп жүрген ұжым. Орыстың хор музыкасына арналған бағдарламаның алғашқы концертіне әлем мойындаған та­лант­тар қатысады. Бас дирижер – капелланың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңір­­ген қайраткері Бейімбет Демеуов. Соны­мен бірге дирижер Әсет Ахметов, хормейс­терлер Ян Рудковский, Арайлым Салдарова, концертмейстер Алма Қапсадықовалар өнер көрсетеді. Жамбыл атындағы филармония ақпанның 14-і күні де классикалық музыка кешіне шақырып отыр. Бұл күні әлем компо­зиторларының романтика тақырыбына ар­нал­ған шығармалары орындалады. Солистер – скрипкашы Әмір Бейсенғалиев пен пианист Ақмарал Қажығалиева.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста