Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков дүниеден озды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Алматыда Қазақстанның мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков 76 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Қоғам қайраткерімен қоштасу рәсімі 18 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда өтеді.
Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қазанда Жамбыл қаласында (Тараз) туған. Ленинградтың В.И.Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесін тәмамдаған. Ол кезінде мемлекет және қоғам қайраткері, Алматының "Құрметті азаматы" деген марапатқа лайық деп танылды. 1992 жылы Шәкен Ниязбеков Қазақстанның мемлекеттік туының авторы атанды. Сондай-ақ, Алматы қаласының таңбасы мен Бауыржан Момышұлы монументінің де авторы еді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ өнерінің көрнекті өкілі, суретші Шәкен Ниязбековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Ниязбековтің отандық көркем өнердің дамуына, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға екендігіне тоқталған.
«Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық рухта жазды. Оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы болуы – өз Отанын шексіз сүйгендігінің көрінісі», - делінген жеделхатта.
Соңында Мемлекет басшысы суретшінің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалатынын атап өткен. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста