Мемлекеттік тілдің мүддесі үшін қызмет етер заң да, жан да болмағаны ма?

Мемлекеттік тілдің мүддесі үшін қызмет етер заң да, жан да болмағаны ма?

Естеріңізде болса, «Алаш айнасы» мен «Бауыржан» қоры мемлекеттік тілдегі жарнамалардың сауатын ашу мақсатында «Намысың болса – жарнамаңды түзе!» атты республикалық акция жариялаған болатын. Қазіргі таңда редакциямызға бірнеше хат пен суреттер келіп түсті. Тіпті заңгерлердің өзі «бұл мәселені заңға өзгерту енгізуден бастау керек» деген ұсыныс айтып отыр.
Шынында да, қазіргі қазақ тіліндегі жар­на­маларды түсіну мүмкін болмай ба­ра­ды. Тек орыс тіліндегі нұсқасын оқыған­нан кейін ғана айтылмақ ойдың түп-төр­кі­ніне жетуді көпшілік үйреншікті жағдайға айналдырған. Бір мысал келтірейік, жұм­сақ жиһаз сататын орынның маңдайшасын­да «кәмелетке тырыс!» деген жазу тұр. Сөйтсек, орысшасы – «стремись к совер­шен­ству!» екен. Мұндай жарнама тек кө­ше­лердегі билбордтарда ғана емес, ра­дио, телеарналардағы жарнамалық ро­лик­терде де жетерлік. Елімізде тіл туралы заң да, талап та бар. Мысалы, ҚР Консти­туциясының 7-бабында: «Мемлекет Қа­зақ­стан халқының тiлдерiн үйрену мен да­мы­ту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жа­сайды» делінген. Бірақ жарнамалау ісіне жауапты органдардың қазақ тіліндегі жар­намалардың сауатсыздығына немқұ­рай­ды қарауын тілді дамытуға туғызған қамқор­лы­ғы емес, қорлығы деп тануға болатын сияқты. Қазақстан халқын топтас­тырудың аса маңызды факторы болып та­былатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қа­зақ­стан Рес­публикасының әрбiр азаматы­ның парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өк­iл­дi және атқарушы органдар: Қазақстан Рес­публикасында мемлекеттiк тiлдi ба­рынша дамытуға, оның халықара­лық бе­де­лiн ны­ғайтуға, азаматтарының мемле­кет­тiк тiлдi еркiн және тегiн мең­ге­руiне қа­жеттi барлық ұйымдастырушылық, мате­риал­дық-тех­никалық жағдайларды жасау­ға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақ­тауы және дамытуы үшiн көмек көр­се­туге мiн­дет­тi. Десек те, міндеті екенін біле тұра мем­лекеттік тілдің мәртебесіне нұқсан кел­тіріп жүргендер аз емес.
Заңгерлердің айтуынша, біздің елдегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодек­ске де өзгерту енгізу керек. Себебі аталған Кодекстің «Тiл туралы заңдарды бұзғаны үш­iн жауаптылық» деп аталатын 81-ба­бын­да: «Лауазымды адамның «тiл бiлмей­мiн» деген сылтаумен құжаттарды, сауал салуды, өтiнiштердi немесе шағымдарды қа­былдаудан бас тартуы, сондай-ақ олар­ды мәнi бойынша қарамауы, оннан жиыр­маға дейiнгi АЕК мөлшерiнде айыппұл са­лу­ға әкеп соғады» делінген. Ал мамандар бұл заңға мынадай түсіндірме беріп отыр.
Мырзабек Бекберді, заңгер:
– Бұл баптың санкциясы өте тар және мемлекеттік тілдің қолдану аясында ту­ын­даған өзге қоғамдық қатынастарды рет­тей алмайды. Мәселен, бұл тек бір жағ­дайды ғана реттейді, ол – егер азамат қазақ тілінде өтініш берген кезде лауа­зымды тұлға (кез келген мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекеменің бастығы) «бұл тілді білмеймін» деп өті­ніш­ті қарамауы немесе оны қабылдаудан бас тартуы. Қалған жағдайларда, мыса­лы: қазақ тілінде жазылған жарнамалар, аудармалар, олардың сапасы, сауаты, хабарландырулар, телеарнадағы қазақ тілінде бағдарламаларды көрсету уақы­ты, қазақ тілінде берген өтінішке орыс тілінде жауап беру т.б. көптеген мәсе­ле­лер­ге ҚР-ның ешбір заңы қауқарлы емес, яғни мәжбүрлеу күші бар бірде-бір бап жоқ.

Заңға өзгерту енгізуге қатысты ойларын білмек мақсатта Мәжіліс депутаттарына хабарластық. Бір қызығы, депутаттар да «Тіл туралы» Заңға мемлекеттік тілдің са­уат­тылығы жайында өзгерту енгізіп, талап­ты күшейту керек деп есептейді. Бірақ ол­арды құптайтындардың аз болғаны жаңа заң жобасын әзірлеуде қолбайлау болып отырған көрінеді. Айтуларынша, қазір қа­зақ тілінде жарнама жасайтындар тұрмақ, заңды әзірлейтіндердің өзі тапшы. Ал заң­дағы өзгеріс тек Тіл комитеті орнынан қоз­ғалғанда ғана енгізілуі мүмкін.
Жамбыл Ахметбеков, Мәжіліс депутаты:
– Заң жобасы болсын, жарнама бол­сын алдымен орыс тілінде дайындалған­нан кейін, әрине, қазақы ой қайдан бе­ріл­сін. Заң да қулықпен құрастырыл­ған. Барлық жерде орыс тілі мемлекеттік тіл­мен теңдей қолданылады дегеннен ке­йін не заңбұзушылық, не құқық бұзушы­лық ретінде қаралмайды. Мемлекеттік тілді білмегендер орнынан кетсін деп тағы айта алмаймыз. Ал «Тіл туралы» Заң­ды өзгерту үшін Тіл комитеттерінің ұсы­ны­сы қажет. Егер қазақ тілінің сауат­ты­лы­ғын талап ететін қоғамдық пікір мен тілдің дамуын қадағалап отырған орган­дар да орындарынан қозғалатын болса, әрине, бұл мақсатқа қол жеткізуге әбден болады.

Депутат мырзаның сөзінен кейін Тіл­дер­ді дамыту басқармасына хабарластық. Жалпы, айтпаса да белгілі емес пе, мемле­кеттік қызметкерлер «заңдағы өзгерісте шаруам жоқ, бар заңның талабын орындау ғана міндетіміз» деп отыр.
Мамай Ахетов, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы:
– Жарнаманың өзі – ақынның өлең жаз­ғанындай дәрежеге ие үдеріс. Шы­ғар­ма қазақ тілінде тууы керек. Аударма қалай болған күнде де ойды толықтай жет­кізе алмайды. Демек, бұл жердегі мәселе нағыз мамандардың, оның ішін­де қазақ­тілді мамандардың жоқтығында болып тұр. Ал, жалпы, мен жергілікті ат­қа­рушы орган өкілімін, заңның мәселесі­не тү­сінік­те­ме бере алмаймын. Тек шық­қан заңды мемлекеттік қызметкер ретін­де орын­дау­ға тиістімін. Ол мәселемен ай­налыса­тын Парламент бар.

Р.S.
Осылайша мемлекеттік тілдің және мемлекеттік тілде әзірленетін жарнамалық өнімдердің сапасына қатысты мәселе доп сияқты әрі де, бері де домалап, тепкіге түсті. Біз БАҚ өкілдері ретінде қазіргі қазақтілді жарнамалардың сауатты болуын қалаймыз. Себебі көрнекі ақпараттың өзі мемлекеттік тілді дамытудың бір жолы емес пе?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста