"Меломен" тобының мүшесі: "Жігерді өзіміз жұлдыз қып жібердік"

"Меломен" тобының мүшесі: "Жігерді өзіміз жұлдыз қып жібердік"

Танымал "Меломен" тобының мүшесі Ролан Хазіретов “Көреміз” бағдарламасында Жігердің топтан кетуіне не себеп болғанын айтып, араларының сууына өздерінің де кінәлі екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Меломен” тобы продюсерсіз, арман-қиялмен, колледжде құрылып, Жігер екеуіміздің достығымыздан бастау алды. Жігер – өте еңбекқор, “Меломеннің” шығармашылығына үлкен үлес қоқан азамат. Таланты да ерекше, оның бағасын халықтың өзі беріп жүр. Арамызда шынайы достық болғандықтан бір-бірімізге деген көреалмаушылық, кертартпалық деген нәрсе болмады. Сахнаға шыққаннан кейін жанкүйерлеріміз көбейіп, жұлдыз ауруына шалдыға бастадық. Бірақ қай сұхбатта болмасын біз үнемі Жігерді мақтайтынбыз. Сондан болар “Жігерге біз қиянат жасадық па?” деген ойға келдім. Себебі Жігердің жұлдыздығын өзіміз арттырып жібердік деп ойладым”, – дейді әнші.

Өнер иесі “топтан кетсек те, бірге боламыз” деген серттің болғанын және бұл уәдені бұзғандықтан Жігерден көңілі қалғанын жасырмады.

“Біз продюсерден кетсек те бірге боламыз. Атымыз шықса да, шықпаса да, дамысақ та, дамымасақ та бірге қаламыз” дедік. Жігер жеке ән жазып, бөлектене бастады. Оның әнін Алтынай Жорабаева секілді әншілердің парақшасынан көріп қаламыз. Егер ортақ чатқа жіберсе біз де қуанатын едік. Сондай сәттер көңілге тиетін”, – дейді Ролан ренішін жасырмай.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста