Мейрамбектің отбасы жайлы эксклюзивті жаңалық жария болды
Сәкен Майғазиевтың туған күніне арналған кеште әншінің анасы жылы лебізін білдіріп, келген барша қонақтарға аналық тілегін айтты, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы baistars.kz сайтына сілтеме жасап. Сәкен Майғазиевтың анасы тілек айта отырып, Мейрамбек Бесбаевтың отбасындағы соңғы жаңалығы, қуанышымен де бөлісе кетті.
Сәкен Майғазиевтың анасы былай деді: «Бәріңе бақыт тілеймін шырақтарым. Жаңа жылдарың құтты болсын! Өзім үшін, өзімнің балам үшін, елім үшін ананың бәрі бір тілек, бір жүрек. Сондықтан ананың жүрегіндей жүрек жоқ, тілегіндей тілек жоқ. «Бәрің де солай, бәрің де солай» деп қызым өлең айтатын, сол ұқсап бәрің де солай. Бәрің жақсысың, бәрің тамашасың. Бәріңе жақсылық тілеймін. Мынаны беріп жатқан балаға рақмет. Бұл бала мені анау Меккеге жіберді. Бәрің аман болыңдар, жақсылық көріңдер. Бұдан артық кең пейіл, кең жер жоқ енді. Мұндай өмір жоқ. Осы өмірді қолпаштап, құрметтеп, бәрің бірдей, Сәкенім қандай болса, бәріңде маған сондайсыңдар. Бәріңнің тілеулеріңді тілеймін, бәріңді танимын. Ойбай, Мейрамбектің келіншегіне риза болып қалдым. Осы Динара босанғанда айтқан едім: «Ұяттарың бар ма? Сендерде бірдеңе қылсаңдаршы» деп. Енді рақмет, мың алғыс. Енді қалғандарыңда сондай болыңдар. Күйеулеріңе ие болғыларың келсе, туып беріңдер, туып беріңдер. Бәрінен бұрын осындағы келіндеріме ризамын. Мархабат жаным ризамын, айналайын, рақмет, менің айтқанымды екі қылмай орындапсың. Қалғандарың да орындаңдар. Жақсылық көріңдер, көбейе беріңдер».
Ендеше алдағы уақытта Мейрамбек мырзаның отбасында орын алатын үлкен қуанышын асыға күтетін боламыз!