"Махаббатым жүрегімде" көрерменге жол тартты

"Махаббатым жүрегімде" көрерменге жол тартты

Қарашаның 6-сынан бастап «Хабар» телеарнасында «Маббатым жүрегімде» атты көпсериялы фильм көрсетіле бастады. Бұл белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса Баян Есентаеваның кезекті жобасы.

«Махаббатым жүрегімде» мелодрамасы қыз бен жігіттің арасындағы махаббат, ата-аналар мен балалар арасындағы келіспеушілік секілді өмірлік тақырыптарды арқау еткен. Оқиғаның шиеленісі сол – бірін-бірі сүйген қос ғашықтың екі түрлі әлеуметтік ортадан шығуы. Бас кейіпкер жігіт ауқатты отбасынан шыққан, Кембридж университетін бітірген. Ата-анасы баласының болашағынан зор үміт күтеді, оның бизнесте де, жеке өмірде де үлкен жетістіктерге жетуін қалағандықтан ұлдарына өздерінің деңгейіндегі отбасының қызын айттырады. Алайда жігіт ауылдан шыққан қарапайым қызға ғашық болады. Сымбатты да, ақылды, мейірімді жігітті құлай сүйген қыздың махаббаттан көңілі қалып, көз жасы көлдей болады.
«Махаббатым жүрегімде» фильмі – махаббат оқиғасы. Фильм «егер сезім соншалықты күшті болса, оған ештеңе кедергі бола алмайды» дегенді көрерменге жеткігзісі келген.
Басты рөлдерде «Қазақ аруы – 2014» ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова және Тәуекел Мүсілім. Ол сән әлемі арқылы көпшілікке танылған.
«Гүлназ байқау кезінде менің көзіме бірден түсті. Сол кезде мен осы жобаны жүзеге асыру туралы ойланып жүрген едім. Актерлердің құрамын түгендей бастағанымда Гүлназдың шынайы сезім туралы фильмдегі осы бір рөлге жақсы келетінін байқадым», дейді Б.Есентаева.

Баян Есентаева, продюсер:
– Гүлназ бен Тәуекел – кәсіби актерлер емес. Бірақ олар өздерінің өте дарынды екендерін көрсетті, режиссер Асқар Ұзабаев та өзіне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Фильмге танымал актерлер де қатысты. Өйткені қандай сәтті жоба болса да, діттеген мақсатымызға жету үшін, жобаның бюджеті жақсы болу үшін актерлық құрамның мықты болуы да маңызды. Киножобаны белгілі бір жетістікке жеткізу үшін белгілі актерлерді тарттық. Мен де аталған фильмде басты рөлдердің бірін, яғни жалғыз ұлына тек жақсылық тілейтін ананың рөлін ойнадым.
Продюсердің айтуынша, картинаны түсіруге үш ай уақыт кеткен. Фильмнің сценарийін Тимур Жақсылықов пени Айдар Еспенбетов жазған екен.
«Қазақстанда мейірім мен қатігездіктің күресі туралы мелодрама өте аз. Біз «Махаббатым жүрегімде» сериалын «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірдік. Осы фильмдегі жүрек тебірентер оқиға жастың да, кәрінің де, әрбір көрерменнің жүрегінен орын алады деп ойлаймын», дейді Баян Есентаева.
«Махаббатым жүрегімде» сериалын дүйсенбі мен жұма аралығында 21.30-да «Хабар» арнасынан көруге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста