Махаббатты жырлайтын мүшәйра

2012 жылы қыркүйек айының 28-і күні Аягөз қаласында Қозы-Көрпеш – Баян сұлуға арналған ескерт­кіш­тің ашылуына орай шұғыл жарияланып отырған бұл мү­шәй­раның арқауы өзінен-өзі түсінікті.
Ғашықтар өлкесі Аягөз жөнінде, мәң­гілік махаббат жырына арналған Қозы мен Баян туралы кезінде Жанақ, Шөже, Шәкір тағы басқа көптеген ақын жырлаған. Әй­гі­лі Мұқағали ақынның Аягөз туралы өлеңдері бұл күнде ел аузынан түспейді. Сондықтан мүшәйраға «Өлеңге әркімнің де бар таласы» деп Абай атамыз айтқан­дай, кез келген үміткер бір өлең немесе топтама жырларымен қатыса алады. Жүл­де қоры төмендегідей:
Бірінші орын  – 500 мың теңге.
Екінші орын  – 300 мың теңге.
Үшінші орын  – 200 мың теңге.

Жүлдегерлер 28 қыркүйекте ескерткіш­тің ашылу салтанатында өлеңдерін оқиды. Сондай-ақ мүшәйраға түскен барлық өлең соңынан «Мәңгілік махаббат жыры» деген атпен кітап болып басылады.
Мүшәйраға қатысушы авторлар туын­ды­ларын осы жылдың қыркүйек айының 20-сына дейін Астана қаласында шығатын «Алтын тамыр» журналының электронды поштасына (altyntamyr@mail.ru) жолдау­ларын сұраймыз.
Шығыс Қазақстан әкімдігі тікелей қол­ға алып отырған бұл шара «Қозы-Көрпеш  Баян сұлу» – мәңгілік махаббат жыры» деген тақырыпта өткізілгелі отыр.
Қазылар алқасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста