Махаббат күні әулие Валентин күнінен бұрын тойланса…

Махаббат күні әулие Валентин күнінен бұрын тойланса…

Әлемдік деңгейде ұлықталатын әулие Валентин күніне парапар, бірақ ұлттық мазмұндағы махаббат күнін белгілеу және оны жұртшылық санасына сіңіру туралы әңгіменің айтыла бастағанына талай жылдың жүзі болды. Бұл туралы алғашқылардың бірі болып осыдан 15 жылдай бұрын мәселе көтерген «Жас Алаш» кезінде 11 наурызды Қозы Көрпеш күні, ал 19 мамырды  Баян күні ретінде атап өту туралы бастама да көтерді. Соның әсерімен жоғары оқу орындарында бірнеше жыл қатарынан мерекелік кештер, кездесулер өтіп, бұл идея баспасөз бетінде насихатталды да.
Айналып келгенде, мұның барлығы бөгде елдің, бөтен діннің ықпалымен берік орныққан жат мерекенің ұрпақ санасына әсерін әлсірету, жұртты неғұрлым ұлттық дүниелерге бет бұрғызу мақсатынан туындап жатқандығы анық. Дегенмен әлі күнге дейін баяғы сең бұзылмаған күйінде қалып отыр. Соның салдарынан ақпан айы туар-тумастан-ақ сауда нүктелері қызылды-жасылды, жүрек пішіндес валентинкалар­дың астында қалады. 14 ақпанда әлемдік деңгейде тойланатын аталмыш күннің құрметіне орай түрлі мекемелер мен жоғары оқу орындарында арнайы шаралар ұйымдастырылады. Әлдекімге деген сүйіс­пен­шілігін, ынтызарлығын жеткізуге асық­қан жұрт сыйлық іздеп сабылады. Қазіргі уақытта ересек адамдарды былай қойған­да, тіпті мектеп оқушыларына дейін бір-біріне, тіпті ұстаздарына деген жүрекжарды сезімдерін валентинкалар арқылы білдіру­ге көшкен. Мұның тәрбие ісіне кереғар жайт екенін аңғарған Еуропа елдерінің бірқатары соңғы кездері Валентин күнінің кең көлемде насихатталуына, аталып өтуіне ресми түрде тыйым сала бастағаны баспасөз бетінде талай жазылды да. Ал жас ұрпағының батыс дәстүріне көзсіз берілуіне тосқауыл қоюды көздеген Сауд Арабиясы мен Иран мемлекетінде әулие Валентин күнін тойлауға әлдеқашан үзілді-кесілді тыйым салынған және оған мойын­сұнбағандарға заңды түрде шара қолда­ныла­ды немесе қомақты айып салы­на­ды. Еліміздің үлкен-кішісі демей, жат дәстүрге жаппай бой ұрып бара жатқанды­ғына қарап кейде бізде де әлдебір шара­ның қолданылғаны қажет пе еді деп ойлайтыны­мыз да рас.
Бұл ретте, әрине, мәжбүрлеумен, болмаса наным-сенімге қысым жасаумен іс бітпесі белгілі. Сол тұрғыдан алғанда, жоғарыда айтылғандай, ұлттық негіздегі махаббат күнін қалыптастыру керек-ақ. Сондай-ақ ол мереке әулие Валентин күні тойланатын 14 ақпаннан бұрын және мей­лін­ше ұйымдасқан деңгейде, қызықты аталып өтетін болса... Оған да арнайы құттықтау қағаздары, кәдесый бұйымдар шығарылып, өнер ошақтарында кездесу кештері, концерттер, басқа да мерекелік шаралар өткізілсе. Егер де ұлттық сипаттағы махаббат күнін жұрт назарын аударатындай етіп дүркіретіп өткізіп, Валентин күнін соның тасасында қалдырсақ, бірте-бірте өзі-ақ ұмытылар еді. Бұл жердегі мәселенің бір ұшы қаржы-қаражатқа келіп тіреледі. Мәселен, ұлттық сипаттағы махаббат күнін дәл Валентин күні сияқты үлкен қаржы салып жарнамалап, сәнді ашықхаттар мен қызылды-жасылды құттықтау қағаздарын шығарсақ, радио, теледидардан, күнделікті баспасөз бетінен ұдайы жарнамаласақ, оған көпшіліктің көзі де, құлағы да үйреніп, санаға сіңе берер еді.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста