Тойда майысып, ерсі қылық көрсеткен жігіттің видеосы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Ол төстартқыш тағып, той қонақтарынан ақша жинап жүр. Бейнежазбаның қайда түсірілгені, мода көрсеткен жігіттің кім екені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.
Ғаламторды шулатқан жігіттің видеосы Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда той қонақтарының бірі жартылай жалаңаш денесіне қыздардың іш киімін тағып алып, мода көрсетіп жүр. Ал қуанышқа келгендер оның омырауына ақша қыстырып жатыр.
Ер адамның бұл әрекеті желі қолданушыларын тіксінтіп тастады.
Олар: "Қайран қазағым-ай, неге осынша санамыз төмен болып кетті. Мәңгүрттер!", "Не деген масқара, осылай киінбесе той өтпей қала ма, түсінбеймін! Көрудің өзі жиіркенішті ер азаматқа", "Сорлылар, мына тамаданы сотқа беріп айыппұл салу керек", "Намыссыз, қарауға жиіркеніштісің. Мына жүрісіңмен тойдан кейін жігіттер алып кетпесін", — деп түрлі пікір қалдырған.