Әнші Маржан Арапбаева "The Эфир" бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызының сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әртіс пластикалық отаға қатысты пікірін айтты. Сондай-ақ, Маржан Арапбаева бұрынғы күйеуі жайлы, қазіргі енесімен қарым-қатынасы мен балалары жайлы әңгімеледі. Мұнымен қоса, Маржан Арапбаева I Am Singer жобасы мен Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты. Маржан Арапбаева 1978 жылы 6 ақпанда Шымкентте дүниеге келген. 14 жасында алғаш рет "Әнші балапан" аясында ұйымдастырылған байқауға қатысқан. Сонымен қатар, әнші "Жас қанат" және "Азия Дауысы" байқауларына қатысқан.