Марқұм анасына ән арнаған Ақбота-Нұр елді жылатты (видео)
Ақбота-Нұр Сейтмағамбет марқұм анасына деген сағынышын әнмен жеткізді. Өнер иесі "Таңғы хабар" эфирінде "Анаға сағыныш" әнін орындап, фанаттарын жылатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әнді орындау барысында Ақботаның көңілі босап, көзіне жас алып қалды. Әріптесінің толқығанын көріп, әріптесі Шерхан оған қолдау білдірді.
Ал эфирді тамашалаған фанаттар тобы Ақботаның әнін тебірене тыңдағандарын атап өтіп, оған қолдау сөздерін білдірді.
"Ән керемет, орындауы тамаша. Жүрегім қақ айырылғандай болды ғой тыңдап отырып", "Мен жыладым, өте әдемі орындау, рахмет саған сіңлім", "Жүрегіңнен сенің айналайын, бағың ашылсын", "Барлық аналар аман болсын", "Анаңдай болатын ене жолықсын", - деді оқырмандар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу