Желіде Марат Омаровтың әні шіркеуде шырқалған сәтінің видеосы тарады. "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" деп әндеткен шіркеу пірадары мен оқушылардың салған әні жұрттың таңданысын тудырып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл нендей іс-шара немесе діни рәсім екендігі және нақты қай жерде болғаны белгісіз.
"Қазір Михаил әке мен мектептің қыздары ана туралы ән шырқайды", - дейді жиынды жүргізіп отырған жүргізуші.
Осылайша, күтпеген жерден қазақ сазгерінің танымал әні христиандар құлшылық ететін орында шырқалады.
Айта өтейік, "Анашым" атты әннің авторы: Марат Омаров, сөзі: Қайрат Жұмағаливтікі. Көпшілікке аталмыш туынды Нұрлан Өнербаевтың орындауында жақсы таныс.