Мақпал Жүнісованы «шала» қазақтар да мойындай бастады

Мақпал Жүнісованы «шала» қазақтар да мойындай бастады

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісованы «халықтың күміс көмей сүйікті әншісі» деп ауыз толтырып айтқанымызбен, шындығында әншіні ұната қоймайтындар халық арасында жетіліп артылады. Сондай «жұлдызға» жұлдызы қарсылардың бірі деп ертеректе орыс ішінде біраз жыл жүріп қайтқан Талғат атты жігіт ағасын айтса болады.

Тәкең қаражаяу емес, «әу» дейтін өнері бар. Республика, облыс көлемінде қара көрсете қоймағанымен, ауыл, аудан көлеміндегі сахналардың шаңын қағып билеп, құйқылжытып ән салған жігіт. Неге екенін ауыл ішінде Жүнісова туралы әңгіме айтыла қалса, кірпідей жиырылып, шекесі тырысып шыға келетін осы жігіт. «Ой... ол, қолы ұзын күйеуге тиіп, әнші болып жүр ғой, әйтпесе, онда әншілік қабілет атымен жоқ» дейтін ол. Әрине, бұған көп қазақ келісе қоймай, айтысып бажылдасып-ақ бағады. Ондайда Тәкеңнің қулығы басынан асады, қазақтардың бетін әншіден біржола қайтарып, мысын басып тастамаққа кәсіби тұрғыдан келеді. «Сендер байқамайсыңдар, ол төменгі, жоғарғы ноталарды шатып-бұтып дұрыс ала алмай диапазонды қысып тастайды, бұл әншілік өнерде үлкен мін болып саналады» дегенде өмірінің көбі адырда өтетін ауыл адамына «нота, диапазон» деген түсініксіз сөздер қатты әсер, әңкі-тәңкі болып мыйы айеалып қалатын. Бірлі-жарымы әншіні жақтап бой бермей бара жатса, Тәкең «ой, оның көкірегі де сау емес, күйеуінің руластарын басқалардан бөле жарып, сахнадан ыршып түсіп сәлем беретіні қандай адамшылыққа жатады?» деп ши жүгірткенде, қазақтар бірінің бетіне бірі сұраулы жүзбен бақшиып, аңтарылып естен танғандай болатын.

Өмір-ай десейші... Бәрі өзгереді екен. Жақында бір отырыста болғанымызда бұрынғы әншінің сыртынан жалын күжірейтетін баяғы Тәкеңді танымай қалдық: «Артық айтты демеңдер, Азия құрлығында Мақпал Жүнісоваға жететін әнші жоқ. Әттең... ағылшын, орыс әндерін көптеп айтар болса, оның атағы мұхит асып кетеріне мен кепіл» деп, Мақпал Жүнісованы жер-көкке сиғызбай мақта-а-ап, «бетегеден биік, жусаннан аласа» болып отыр. Тіпті, Мақпалды әнші ғана емес, «қара сөздің хас шебері, төресі» деп салды. Себебі Мақапал Жүнісова жақында былай депті: «Ұйықтай алмағасын, түн ішінде Инстаграммаға кіріп отырам. Сол жерде бір жап-жас қыз: «Ойбай, бетіңіз қандай жаман! Табақтай ғой!» деп жазып жіберіпті. Мен отырдым-отырдым да: «Ал сенде бет те жоқ екен!» деп жазып жібердім» депті. Әншінің осы сөзін Тәкең қайдан есіткенін кім білсін, ол осыны айтақанда «сөз тапқанға қолқа жоқ»деп жұрттың бәрі өздерінің сүйікті әншісіне тағы да бір риза болды. Дегенмен, Талғат ағаның қысқа күнде мың құбылып, шыр айналғаны жұртшылықтың көкейіне күдік салып, анық-қанығын ажыратып алмаққа жамырап сұрақ салған еді, Тәкең ағынан жарылып, ашығын айтпаса да оның себебінің шет жағасын жұқалап ұқтырғандай болды.
Тәкеңнің сөз ләміне қарап, Мақпалдың әншілігін бұрынан-ақ іштей мойындайтынын сездік. Бірақ қайдан жабысқанын білмейді, менменік деген пәле көкірегіне ұя салып, қырын тартып сыртқа жаюға мүмкіндік бермей жүріпті. Тек, Мақпал Жүнісова соңғы кездерде теледидар бетінен көрінбей кеткен соң жұртшылық сахнаның маңайында жүргендіктен бұл жігітті бәрін біледі, жаңалықтардан хабардар болып жүретін қағылез жан ғой деп ойласа керек, сұрақтың астына алыпты. «Бұл Мақпалға не болған?», «Әншілікті тастап кеткен бе?», «Жұлдыздыққа қол жеткізіп алған соң, жалқауланып жүр ме екен?», «Телебізірден неге көрінбей кетті?» деген сияқты сұрақтардың астына алып шаршатқан. Халықтың Мақпал Жүнісова дегенде ынта-ықыласының шынайылығына көзі анық жеткеннен кейін, бұдан әрі қарысып жүре беруге Тәкеңнің де беті шыдамапты. 

serke.org

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста