Мақпал Жүнісова Алтынбек Қоразбаевтан сыйлық аламын деп басы дауға қалды

 Мақпал Жүнісова Алтынбек Қоразбаевтан сыйлық аламын деп басы дауға қалды, деп хабарлайды Baistars.kz. Бар мәселе Мақпал Жүнісованың Алтынбек Қоразбаевтан алған сыйын өз парақшасына жариялаудан басталған. Алтынбек Қоразбаев әншінің өткен туған күніне орай оның портретін салдыртып, тек бүгін ғана сыйлаудың сәті түскен. Мақпал Жүнісова сыйлыққа риза болып, бірден суретке түсіп, парақшасына жариялап жіберген. Ал кейін оқырмандары суреттің басқа әншінің суретінен көшірме деп жаза бастайды.

Ең алдымен, оқырмандар портреттің Мақпал Жүнісоваға онша ұқсамайтындығын айтқан. Ал кейін, тіпті үстіндегі костюмі танымал дәстүрлі әнші Гүлмайдан Сүндетованың киіміне ұқсайтындығын жазған. Гүлмайдан Сүндетованың дәл осындай киімі мен бас киімі бар көрінеді.

Мәселенің мән-жайын білу үшін Мақпал Жүнісоваға хабарласқанымызда, әнші бұл сыйлық екенін және суретшіге өзі арнайы отырып, түспегенін айтты. «Үйге келіп, портретті ашсам, расында костюмі де, әшекейлері де менікі емес, қолдары да ұқсамайды. Оны тіпті Гүлмайдан Сүндетованың костюмдерінен көшіріп алған деп жатыр. Фотошоппен сала салған дейді біреулер. Қалай болғанда да, бұл сыйлық қой, қалай мен оны жаман деп айтамын? Оқырмандардың пікірін оқып, көңіл-күйім түсіп отыр. Мені біреудің киімін киіп суретке түседі деп қалай ойлайды?» — деді әнші. Ал кейін бұл суретін Инстаграмнан тіпті өшіріп тастады.

Baistars.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста