Керекуліктер жас жұбайлардың қол ұстасып, неке қияр күні жасайтын рәсімдерін өзгертіп, мазмұн жағынан байытып отырғанды ұнатады. Мәселен, биыл Ертіс өзені үстіндегі көпірге «махаббат құлып сияқты берік болсын» деген ниетпен құлып ілу дәстүрі енгені белгілі.
Бұл да үйреншікті жайтқа айналып бара жатыр еді, алайда той дәстүрлері тағы да жаңғырды: бұдан былай жастар жақында ғана тұсауы кесілген «Мәңгілік махаббат» ескерткішіне барып, гүл қоятын болады. Бұл ескерткіш Павлодар қаласының Усол шағынауданындағы саябақта орналасқан. Екі метрлік арканың ортасында күнге қарай қанат қаққан қос тырна бейнеленген ескерткіш темірден қақталып жасалған.
«Мәңгілік махаббат» мүсіндік композициясын қала тұрғындарына «Құс жолы» қайырымдылық қоры тарту етті.
«Мәңгілік махаббат» ескерткіші ашылды
Последние статьи автора