Мамай батыр

Қазақ халқының тарихындағы ерекше уақиғалардың бірі – жүз жылға созылған қазақ-қалмақ соғысы. Естен кетпес осы сұрапыл соғыс жылдарында ерекше ерлік көрсеткен қазақ батырларының бірі – Мамай батыр.
Мамай батыр XVIII ғасырдың басында дү­ниеге келген. 97 жас жасаған бабамыз өмі­рінің 50 жылын қазақ халқының ұлан-байтақ жерін жаудан қорғаумен, соғыспен өткізген. Өмірінің соңғы 30 жылын қазіргі Абай ауданы Шыңғыстау өңірінде өткізеді. Батыр өлген соң оның ішкі құрылысы Орда тауының етегіне көміліп, ұлы сүйегі қазақ­тың ұлы хандары, билері мен батырлары құр­меттеліп жерленетін Түркістанға, Қожа Ах­мет Ясауи қабірнамасына: Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр жанына жер­ле­неді. Бұл бабамыздың атақ-даңқына, дә­режесіне берілген тұтас қазақ халқының ба­ғасы деп білгеніміз жөн.
Алып күш пен ақыл-ойдың иесі болған Ма­май батыр 285 жыл толып отырған 1727 жылы Бұланты шайқасына қатысқан. 1729 жылы атақты Аңырақай шайқасында қа­зақ батырлары Қабанбай, Бөген­бай­лармен бірге қалмақтарға күйрете соққы бе­реді. Ол қазақ-қалмақ соғыстарында бір­неше рет қалмақ батырларымен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетіп отырған.
Бір соғыстың өзінде жекпе-жекке шы­ғып, бес қалмақ батырының басын шап­қан. Жоңғардың атақты батыры Жәңгірді және оның інісі Зәңгіні бірінің артынан бі­рін жекпе-жекте өлтірген. 1746 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет, бас уәзір сұлтан Абы­лай, Бөгенбай, Қабанбай, Қол­шы­ман батырлармен бірігіп, жоңғар қал­мақ­та­рына соғысқа аттанып, үлкен шай­қас­тарда же­ңіске жетеді. Осы шай­қас­тар­да көзге түскен Мамайға мыңбасы және «Батыр» атағы беріледі.
1755-1757 жылдардағы соғыстарда көр­сеткен ерлігі үшін «Баһадүр» атағы та­быс­­талған. Осы жылдары ордабасы болып сайланады, яғни Кіші жүздің әскери қол­басшысы болады.   
1771 жылдары Сырым Датұлымен бір­лесе отырып, Еділ, Жайық өзендері ара­лығын жаудан қайтарып алады.
Елдің шығысындағы Алтай, Зайсан, Тар­бағатай өңірлерін қалмақтардан боса­тып алуға қатысады.
Биыл 350 жылдығы аталып өтіп жатқан қазақтың «Елім-ай» тарихнама кітабының авторы, сол заманның данышпаны Толы­бай сыншы ұлы Қожаберген жырау Ма­май­ға арнайы құрметпен батасын берген.
Қазақ халқының құрметіне ие болған ба­тырға 90 жастан асқан шағында «Сізде де арман бар ма?» деген сұраққа «Бірінші арманым, барлық ғұмырым соғыспен өтті де, салдық-серілік құра алмадым» деген екен. Қазақтың жері сыртқы жаулардан тазартылғаннан кейін қазақ халқын жерге орналастырумен айналысады. Батыста жүр­ген азғана тобықтыны оқтын-оқтын ат­қы­лап тұрған орыс зеңбірегінің оғынан аман алып қалу мақсатында ел ортасы, жер ортасы – атақоныс Шыңғыстауға бас­тап келіп орналастырады. Бұл 1770-1780 жылдар еді. Шәкәрім Құдайбердіұлы:
Келгені тобықтының осы маңға
                                 1780-ге тақағанда
Елді бастап әкелген Мамай батыр,
Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға, –

деп жазады.
Мамай батыр азғана тобықтыны әр ата баласының ерекшеліктерін ескере отырып, қазіргі Абай ауданының территориясына орналастырады. Қазіргі ауданның жер кө­ле­мі сол заманнан осылай белгіленген. Ба­тыр жөнінде Мұсайын Сегізсеріұлы тарихи де­ректерге сүйене отырып «Ер Мамай» тарихи дастанын жазған. Ақын Қалихан Ал­тынбаевтың «Мамай батыр» поэмасы жа­рық көрді. Ғалым, әдебиет зерттеушісі, жа­зушы, солтүстікқазақстандық Қаратай Би­ғожаұлының Мамай батыр жөнінде зерт­теп жазған еңбегі өте құнды. Байкөкше, ақын­ның батыр жөнінде толғаулары бол­ған. Көкбай, Әріп Мұсағали, Есентай, Шә­кір ақындар өз шығармаларына қосқан.
Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтарлар баба­ла­рымыз салып кеткен ұлы жолдан бастау алса керекті. Ұлы Отан соғысының батыр­ла­ры Серікқазы Бекбосынов, Зәкәрия Бе­лі­баев, Жанғазы Молдағалиев, батыр қыз Баян Байғожина осы атаның ұрпақ­та­ры.
Кешегі кеңес дәуірінде осы ұрпақтан 13 Социалистік Еңбек Ері шыққан. 1993 жылы ба­тыр рухына арналып кең көлемде ас бе­рілді. Батырдың ішкі құрылысы көмілген жер­ге кесене орнатылды. Семей қала­сын­дағы бір көше, Қарауыл ауылындағы бір көше батыр атымен аталады. Бір мектепке аты берілген.
Бабаларымызға тағзым ету – ұрпақ ама­наты, Ұлы бабамыздың рухын жаң­ғыр­тып отыру, есімін мәңгі ұрпаққа қал­ды­ру­дың маңызы зор. Олай болса, батырға ар­нап арнайы ескерткіш орнату және батыр жө­ніндегі деректерді жинақтан кітап етіп шығару жөніндегі халықтың ой-пікірлерін іске асырудың уақыты келген сияқты.
Осы мақсатта «Туған жерге тағзым» атты бастама аясында «Мамай батыр» қо­ғам­дық қоры ашылды. Елін, жерін сүйген, өткенімізге құрметпен қарап келешектің жайын ойлайтын азаматтар бұл шарадан қалыс қалмайды, қолдайды, қол ұшын бе­ре­ді деп ойлаймыз. Бабаларымызға құр­метпен қарайтын азаматтарды осы ізгілікті іске атсалысуларын сұраймын.
Батыр бабаның аруағы бәрімізді желеп-же­беп жүре берсін.

Мамай батыр ескерткішін орнатуға үлес қосамыз деген азаматтарға банктегі есеп-шотын ұсынамыз.
«Мамай батыр» қоғамдық қордың есеп-шоты: № КZ 976010261000182057
Реквизиты Банка:
БИК НSВККZКХ
БИН 980341000593
Банктің мекен-жайы:
Абай ауданы, Қарауыл селосы Абай көшесі, 65

Базарбай Бекқалиұлы Бейсенбаев, Абай ауданының Құрметті азаматы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста