«Мәлімдегі» мақаланың мән-жайы

Malim.kz қоғамдық-саяси сайтында 2020 жылдың 1 маусымында «Дариғаны идеал тұтқан Райымқұлованың ендігі халі не болмақ?» атты мақала жарық көрді. Сайт Мәдениет және спорт министріне және жалпы министрлікке қатысты бірқатар мін таққан екен. Біз материалда көтерілген мәселелердің мән-жайын ашып көрсетуді жөн көрдік.

«Мамыр айы министрге оңай тимеді» деген түсініксіз тұжырым жасап алған автор бір жылға шегініс жасап, «министр болып тағайындала салысымен 3300-ден аса терминді өзгерту туралы бұйрыққа қол қойып, көпшіліктің талқысына түсті...» деген уәж айтқан екен.

Біріншіден, терминдерді министр бекітпейді, терминдерді бекіту мәселесімен тікелей айналысып отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясы бар. Терминологиялық комиссия – қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзірлейтін консультациялық-кеңесші орган. Комиссияның қарауына ұсынылған терминдерге алдымен лингвистикалық сараптама жасалады. Сараптаманы білікті мамандар жасайды. Ұсыныстар комиссия қарауына түспес бұрын «Termincom.kz» сайтында жарияланады. Әбден сұрыптаудан өткен терминдер Терминологиялық комиссияның отырысында талқыланады.
Терминдерді бекітумен айналысатын Терминология комиссиясының құрамында белгілі терминолог ғалымдар, тіл жанашырлары, журналистермен қатар, ҚР Заң шығару институты, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің филология саласында ғылыми дәрежесі бар депутаттары, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Редакциялық баспа бөлімі, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Редакциялық және аударма бөлімдері, ҚР Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің редакциялық сараптама және актілерді шығару секторы және басқа да мекемелердің өкілдері, сала мамандары жұмыс істейді.

Ал терминология саласында А.Райымқұлованың басшылығымен қандай жұмыстар атқарылды дегенге келсек,
алдымен, терминдерді қолданудағы әркелкілікті жойып, терминдерді біріздендіру, терминдердің жұртшылыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың жанынан салалық терминологиялық секциялар құрылды. Бүгінде терминологиялық комиссияға бекітуге ұсынылатын терминдер алдын ала әлеуметтік желілерде, қоғамда талқыланады. Терминология саласындағы жұмыстың күрделілігі ескеріле отырып, «termincom.kz» сайтында бекітілетін терминдерді халықтың алдында талқылау мақсатында арнайы электрондық алаң іске қосылды. Бұл электронды алаңға кез келген тіл жанашыры, тұтынушы бекітілуге ұсынылып отырған әрбір терминге көзқарасын білдіре алады. Бұл алаңда жазылған пікірлерге арнайы талдау жасап отыратын мамандар бар. Көпшіліктің пікірі негізінде бекітілген терминдерге мониторинг жүргізіледі. Қазақ терминологиясының қордаланған мәселелерін шешу мақсатында сала мамандары мен жұртшылықтың арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін сұрақ-жауап форматындағы офлайн конференция, онлайн конференция, онлайн семинар, республикалық әдістемелік семинарлар ұйымдастырылып отырады. Күні кеше төтенше жағдай кезінде онлайн режимде «Қазақы терминдерді халық жасайды» республикалық онлайн байқауы өткізілді.

«Мәлімнің» мақаласына қайта оралайық. 3300 терминді желеу етіп, А.Райымқұлованың жеке басын сөз еткен автор термин мәселесіне мақаланың орта тұсында қайта оралады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізуді тапсырғанын айтып, мемлекет басшысының сөзін келтіреді.
Мемлекет басшысы: «Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруымыз керек. Бұл мәселеде Еуропа елдердің тәжірибесіне назар аудару қажет. Олар тіл үйрету барысында негізінен оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына беру керек. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді», – деген болатын.
Тіл комитетін еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырудағы көзделген мақсат қазақ тілін оқыту әдістемесі мен білікті ғалымдар мен ұстаздардың басын біріктіретін мемлекеттік органда әлеуетті шоғырландыру екені көзіқарақты жанға түсінікті.

Бірақ мақала авторы мұны басқаша түсінген сыңайлы.

«...Мәдениет және спорт министрлігі алдағы уақытта өзінің жілікті бір саласынан айырылғалы отыр деген сөз. Бұл да министр ханымға оңай тимегені анық. Осыдан кейін мәдениет және спорт министрінің алдын қара мысық кесіп өтіп, соңғы кездері алға басқан қадамы кері кетіп жатыр десе де болғандай…» деген жолдардағы «жілікті саласы» дегенді қалай түсінуге болады. Саланы жілікті, яғни майлы деп жіктеудің өзі автордың ойының «таза еместігін» аңғартып қойғандай. Ал министрдің жолын кесіп жатқан «қара мысықтар» туралы теңеуі тіпті таңырқатты. Сол «қара мысық» автордың өзі емес пе, әйтпесе аты-жөні неге ашық көрсетілмейді? Ол «қара мысықтарды» аты-жөнін көрсетпеген автор білмесе, біз білмедік.

«Тіл дейміз-ау. Тілдің тізгінін қоса ұстаған ведомство басшысының өзі көпшілік жерде тек орыс тілінде сөйлейтінін жиі байқап жүрміз», –деп жалғайды автор. Бұл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің барлық жиналысы, алқа жиыны таза мемлекеттік тілде өтетінінен, қала берді Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы бүкіл брифингтер, түрлі жиындар, мерекелік салтанаттарда тек қазақ тілінде сөйлеп жүргенінен хабарсыз адамның пікірі секілді.

Министрліктің қос лауазымды тұлғасына қатысты қозғалған іс те мақаланың өзегіне айналыпты. Бүгінгі күні Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының төрағасына және Спорт комитеті төрағасының орынбасарына қатысты құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр. Сондықтан алдынала пікір айту заң жағынан да, этика тұрғысынан да дұрыс емес.

«Бір білетініміз, жыл ішінде Ұлттық киноны қолдау орталығының көркемдік кеңес құрамынан қазақ театры мен киносының ең танымал тарланы Асанәлі Әшімов пен белгілі актер Досхан Жолжақсыновтар шеттетілді», – дегенге қатысты айтар болсақ, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесі құрамында болған Асанәлі Әшімов өзінің өтініші негізінде, ал Досхан Жолжақсынов Сараптама кеңесінің отырыстарына қатыспағандықтан Сараптама кеңесі құрамынан шыққанын атап өтемін. Бұған қоса министрдің лауазымын жекелеген тұлғаларға деген қарым-қатынаспен байланыстыру орынсыз ғана емес, сауатсыздық та. Себебі, «Кинематография туралы» Заңның 13-бабының 6-тармағына сәйкес, Сараптама кеңесінің ережесі мен құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Ал сараптама кеңесі отырыстары қажеттілігіне қарай ұйымдастырылып, жыл бойы өз жұмысын үздіксіз жасап отырады. Сараптама кеңесі мүшелері әр келген жоба бойынша рецензия беруі қажет.
Бұл сараптама кеңесінің негізгі міндеті мен функциялары: фильмді ұлттық деп тану жөніндегі ұсыныстар әзірлеу, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қарау, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру бойынша қорытындылар дайындау, фильмді ұлттық деп тану немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы шешім қабылдау, сондай-ақ Сараптама кеңесінің құзыретіне жататын өзге де функцияларды жүзеге асыру. Сондықтан мақаладағы: «Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылға жақындаса да, ана тіліміздің қадірі әлі артпай тұрған сәтте кино саласының ауаны орыстілді туындыларға басымдық бере бастағаны ұлтқа деген жанашырлықтың қай деңгейде екенін байқатса керек», – деген уәж де осы сараптамалық кеңеске бағытталуы тиіс болатын.

Дегенмен, кино мамандары тарапынан сараптамалық кеңестің жұмысына қатысты шағым болса, министрлік комиссия құрып, мәселенің анық-қанығын ашуға әзір екенін еске салғым келеді.

Ұлттық кино – ұлтымыздың бет-бейнесін бедерлейтін, арқалаған жүгі де, ел алдындағы жауапкершілігі де ауқымды сала. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мемлекетке қайта бағынатын болғаннан бері оның жұмысына талап күшейіп, министрлік қоян-қолтық жұмыс істеп отырды. «Malim.kz» осы мекеменің басшысы Әсенов Арман Тұрсынбайұлына қатысты жайттарды қайта қозғап, мұны министрдің жеке көзқарасы мен әрекеті деген түсініксіз пайым жасайды. 2019 жылғы 12 тамызда тағайындалған А.Әсеновтың 6 ай мерзімде жүргізген жұмыстарының сапасы мен жасалған ескертулер бойынша оның жұмысы еңбек шартын бұзу деңгейіне дейін көтерілгені рас. Алайда, А.Әсенов қызмет барысында жіберілген барлық кемшілікті мойындап, түсініктеме беруінен кейін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм»АҚ президенті лауазымын жалғастыруда. Яғни, бұл жұмыс барысындағы талап пен тексеріс. Қазір де «Қазақфильм» басшысының жұмыс барысы министрлік тарапынан жіті назарда.

Маман ретінде үміт артып, тәжірибесі мен біліміне қарай сол лауазымға лайық деп сенім артқан адамның артылған сенімді ақтамауы, өкінішке қарай, әр салада болатын жағдай. Қызметтік тексеріс бір ғана «Қазақфильм» АҚ емес, басқа да бағынысты құрылымдарда жүргізілді. Атап айтсақ, осы бір жыл ішінде 34 лауазымды қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Мәдениет және спорт министрлігі 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру кезінде іс-шаралар жоспарының 57 тармағын орындауына қатысты да мақалада атап өтілген екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне министрлік ешқашан жүрдім-бардым қараған емес. Бюджет қаражатының әр тиынына дейін есептеулі. Мәселен, жуырда ғана жаһандық пандемияға қатысты түрлі шараларды өткізуден үнемделетін спорт саласы бойынша 13,2 миллиард теңге, мәдениет саласы бойынша 4,3 миллиард теңге, туризм бойынша 380 млн теңге, тіл саласынан 207,7 млн теңге бюджет қоржынына қайтарылды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізу бағытында көлемді шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, режиссер О.Тастановтың «Жемқорлыққа қарсы күрес» деректі фильмі, Қайрат Қуанышбаевтың «Под небом правды» деректі фильмі, Ф. Шариповтың режиссерлігімен «Тұлғалық өсу тренингі» көркем фильмі жарық көрді. Аталған көркем фильм көптеген халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы болғанын атап өткен жөн. 2019 жылы «Огонь» фильмі өндіріске жіберілді.

«Мәлім» жариялаған мақаладағы негізгі мәселелер осылар. Ал министр А.Райымқұлованың жеке басына қатысты жағымсыз пікір қалыптастыруға талпынған тіркестер мен ой оралымдарын беймәлім автордың жеке көзқарасы деп есептеп, оған жауап беруді артық көрдік.
Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан мемлекеттік органдардың жұмысы, жобалары мен жоспарларына қатысты түрлі сын мен ескертпенің болуы орынды әрі қажет дер едім. Алайда «Malim.kz» интернет сайтындағы біз талдаған мақаладағы мін министрліктің жұмысына берілген баға мен талдау емес, лауазымды тұлғаның беделін түсіріп, жұмысын жоққа шығаруды көздеген жазба екені тақырыбынан-ақ менмұндалап тұр. Сенсация жасап, жұрт назарын аударуды көздеген мұндай материалдар қай жағынан да сөз бостандығының үлгісі бола алмайды.

Ал орынды сыннан нәтиже шығаруға әрқашан талпынамыз. Бүтін бір мемлекеттің мәдениеті мен руханияатына қатысты салиқалы да салмақты, ұсынысы мен жанашырлығы сай келген диалогқа қашанда ашық екенімізді жеткізгім келеді. Бәрімізге халыққа қалтқысыз қызмет етуді нәсіп етсін!

Ерлан Жұрынбаев

facebook.com парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста