Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Жалаулы ауылының іргесіндегі бұрын «Қалмақ топса» деп
Таяуда осы Жалаулы ауылында Малай батырдың аруағына арналып Құран оқылып, үлкен ас берілді. Алыстан шақырылған қонақтарға арналып 24 киіз үй тігілді. Кішігірім ресми жиыннан соң қазақша күрес, арқан тарту, аламан бәйге сияқты ұлттық ойындар өткізіліп, ән-думанмен жалғасты. Арада он бес жыл өткен соң осы кесенені тұрғызған баба аруағына құрмет білдірген азаматтар қайта бас қосып, ел болып ата-баба аруақтарына Құран бағыштады. Бұл бүгінгі жас ұрпақ жадында батыр есімін қайта жаңғыртуды көздеген көптеген игі шараның басы болса керек.
Малай батыр шамамен 1724-1794 жылдары өмір сүрген. Ата қонысы Жетісу өңіріндегі Іле өзенінің жағасында. Елі мен жерін қытай мен қалмақ басқыншыларынан қорғап, халқының бостандығы үшін күрескен батырдың кесенесі тұрған ауылдан кезінде алтын бұйымдар табылған. Ол жәдігерлер бүгінде Алматыдағы орталық музейде сақтаулы тұр.
Батыр бабаның дерегін тауып, оның ескі кесенесінің ізін табуға көп септігі тиген Сағыныш Есбергенов былай дейді: «Бұл – келешек ұрпақтарымызға арналған ұлағатты іс. Ұрпақтарымыз бабаларын біліп өсуі керек. Әлі де көп тарихымыз топырақтың астында жатыр, талай бабаларымыздың аты аталмай жатыр. Кешегі өткен батырлардың өмірдерегі, жүрген жолы, ерлігі мен елге сіңірген еңбегі әлі де тынбай зерттеуді қажет етеді. Өйткені батырлар жүріп өткен жол келешек ұрпаққа өнеге болуы керек.