Мағжаннан маржан тереміз

Мағжаннан маржан тереміз

«Бір ел – бір кітап» акциясы биыл Қазақстанда үшінші рет өткізілейін деп отыр. 2007 жылы осы шара аясында Абайдың қара сөздері насихатталса, одан кейін Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы парақталды. Енді кезек поэзия пайғамбары Мағжан Жұмабаевтың шығармаларына келді. Ұлттық академиялық кітапхана Мағжанның «Жан сөзі» кітабындағы махаббат жырларын биыл ел болып оқуға шақырып отыр.
– Былтыр қазақтың біртуар ұлы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 115 жылдық мерей­тойы кіндік қаны тамған жері – Сары­томарда кең көлемде аталып өтті. Ақынның отты жырлары бірнеше кітап болып қайтадан басылып шықты. Талай мәдени шаралар ұйымдастырылды. Енді, міне, «Жан сөзі» кітабы ел болып оқуға ұсынылып отыр. Жақында Қызылжардағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы осы шараға орайластыра, «Жұлдызды – жүзік, айды алқа ғып берейін» деген атпен ақынның ең таңдаулы жырлары енген, көркем безендірілген фотоальбом шығарды. Ал жалпы еліміз бойынша акция аясында 500-ден аса іс-шара өткі­зіледі. Бұлар – поэзия күні, оқу мара­фондары, фестивальдер, флэш-моб, т.б. әртүрлі байқаулар. Бұл шаралардың көбі ақынның туған жері – Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылады, – дейді Ұлттық академиялық кітапхана басшылары.
Алаш көсемдерінің бірі Мағжанға «халық жауы» деген қара күйе жағылып, оның есімі тек 1989 жылы ғана ақталғаны белгілі. Содан бері жыр жұлдызының өмірі мен шығармашылығы біраз зерттелді. Бірақ қызылжарлық зерттеуші Зарқын Тайшыбай әлі де ашылмаған ақтаңдақтар бар екенін айтып отыр. Аталмыш зерт­теушінің жақында «Мағжанның Қызыл­жары» атты кітабы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тап­сырысымен басылып шығыпты.

– Мағжан зерттелмей жүрген жоқ, бірақ біздің көп зерттеушілер оны бір қырынан ғана, яғни лирик ақын ретінде ғана көрсеткісі келеді. Ал тереңдеп келсеңіз, Мағжан ешқандай да лирик емес, ол – нағыз күрескер ақын, қоғам қайраткері. Ол «Сүй, жан сәулем, тағы да сүй» деп ауыл-үйді аралап, серілік құрып қана жүрген жан емес. Міне, мен оны осы тұрғыдан зерттедім. Мағжан – Алаш көсемдері Әлихан, Ахмет, Міржақыптармен бірге елінің бостандығы, халқының ертеңі үшін күрескен адам. Өзге ұлттарға қарағанда, аштықтан қазақтардың көп қырылып жатқандығы жайлы дабыл қаққан да осы Мағжан болатын, – дейді ол.
Мағжан шығармаларының «Бір ел – бір кітап» акциясына таңдалып алынуы оның өмірі мен шығармашылығының ашылмаған жақтарын елмен қауыштыруға септігі тимек. Қазір жастар кітап оқудан гөрі, интернетке көп үңілетін болды. Мағжан Жұмабаевтың жырларынан гөрі шетелдік эстрада жұлдыздарының әнде­рін жатқа айтады. Оқудан қол үзген сол буынды «Бір кітап – бір ел» акциясы қай­тадан кітапқа үңілтер деп ойлаймыз. Себебі акция кітап оқуға ғана емес, белгілі бір шығарма авторын одан да терең тани түсуге мүмкіндік береді. Мағжан жырларының ел болып оқылатындығына жұрттан бұрын ақынның туыс-туғандары қуанып жатыр.

Тасболат Бекенов, Мағжанның немере інісі:
– Мағжан жырларын халық кезінде тыйым салынған күндердің өзінде тығып оқитын. Әке-шешем жатқа айтатын. Бірақ ол Мағжанның жырлары екендігі жайлы ешкімге тіс жармайтын. Заман солай болды. Ал қазір кейбір өлең шумақтары жалпыұлттық ұранға айналды ғой. Оның өлеңдерін ән қылып айтып жүргендер де көп. Кезінде «Сен сұлудың» авторы ретінде басқа адамның аты жазылатын, кейін ол Мағжандікі екені анықталды. Менің әкем Сәлімжан – Мағжанның туған інісі. Ол да «жапонның шпионы» деген жаламен сотталып, 1957 жылы ғана ақталып шықты.

Дерек:
Бір кітапты ел болып оқу идеясын АҚШ-тың солтүстік-батысындағы Вашингтон штатына қарасты Сиэтл қаласындағы көпшілік кітапхана ұсынған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш рет акция өтті. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды. 2000 жылы Чикаго қаласының он мыңдаған халқы Пулитцеров сыйлығына лайық деп танылған американ жазушысы Харпер Лидің «Убить пересмешника» атты романын оқыды. Испандықтар Габриэль Гарсиа Маркестің «Сто лет одиночества» романын оқудан марафон өткізді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Ал 2006 жылы Англия халқы Жюль Верннің «Вокруг света за 80 дней» атты кітабын көп болып оқыды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста