Мағжан жыры оқылды

Мағжан жыры оқылды

Жуырда Қыздар университетінде қазақтың ұлы ақыны, ұлт поэзиясын жалын жырларымен сыршыл лирикаға қанықтырған сөз зергері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кеш болып өтті.
Университеттің медиа орталығы хабар­лағандай, аталмыш кеш Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығарма­шылық мұрасын насихаттау, рухына тағ­зым ету, жастарды ақынның өршіл, рухты өл­еңдерінен жігер алуға шақыру, ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді дәріптеу мақсатында педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының кан­дидаты, доцент міндетін атқарушы Ай­сұлу Кенжанның ұйымдастыруымен ар­на­йы өткізілді.
Кеште ақын поэзиясын пір тұтатын жас­тар поэзия әлемінде айрықша із қалдыр­ған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, те­рең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дү­ниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын­ның ыстық сезімге толы махаббат жыр­ларын, қазақты ағартуға, көзі ашық, көкірегі ояу, азат та Тәуелсіз ел болуға ша­қыр­ған уытты өлеңдерін, сол заманның ащы шын­дығын жырлаған ақынның өлең-жырларын оқып, ақын өмірбаянынан сыр шер­тетін театрландырылған қойылымдар қойды. Ал университеттің жас ақын қызда­ры өздері шығарған арнау өлеңдерін ерек­ше тебіреніспен оқып, жеткізді. Әдеби кеш­те, сонымен қатар туған ел, туған жер­ге арналған әндер шырқалды. Кеш бары­сында қазақ ақын-жазушылары Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Әлихан Бө­кей­ханов, қоғам қайраткері Ілияс Омаров­тың, Башқұртстанның белгілі қарт жазушы­сы Сайфи Құдаштың Мағжан Жұмабаев туралы айтқан ой-пікірлері, сонымен қатар «Ақындардың пайғамбарына» теңеген ақын-сазгер Серікбай Маханұлының арнау өлеңдері оқылып, тарихи тұлға Мағжан­ның философиялық көзқарасы, туған хал­қы мен адамзат өркениеті алдында сіңірген еңбегі жайында баяндалды.
Кеште «Мағжанның өзі өлсе де, ісі өл­ген жоқ. Келешек жастарға сеніп кетті. Біз сол сенімді ақтаймыз» деп жырлаған жас­тар, қанша жылдар өтсе де, өзіндік ерек­ше­лігімен, дарынды болмысымен өзіндік қолтаңбасын қалдырған Мағжан ақынның шығармаларын пір тұтатындығын көрсетті. Шара соңы ақын шығармашылығы бойын­ша әзірленген арнайы көрмеге ұласты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста