Мағжан жырларынан қуат алған Хабиба апа 95-ке келді

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Елінен ерек, анадан арда туған қазақтың бір қызы Хабиба Елебекова биыл 95-ке келіп отыр. Халқына әуелі театр актрисасы, сосын Жүсіпбек Елебековтей «әннің Абайының» жары, ал бүгінде орта және жас буын актерлерге үлгі, өнегелі өнерімен ұстаз бола білген көнекөз қарияның Мағжанның лирикалық жырларын әлі күнге дейін жаңылмай оқитынына таңдай қақпайтын адам жоқ. Театр ардагерінің торқалы тойын кеше М.Әуезов театры атап өтті.
Халықтың сахна саңлағына деген құрметін жиналған қауымның қарасынан-ақ білуге болады. Мерейтой кешінің жарнамасы алдын ала «мен мұндаламаса» да, қарапайым халық та Хабиба апамен кез­десуді көптен күткен сыңайлы. Сұлу­лыққа, әсіресе «Арқаның кербез сұлу Көк­шетауы» сынды табиғат әсімдігіне жаны құ­мар жан Көкшеден шыққан ақындардың көркем жырлары мен қазақтың ел білмейтін сұлу саздарын құйма құлағына құйып алуға жастайынан машықтанған. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаевтың «Сен сұлуы».
«Бұл – Мағжанның жанынан шығарған жалғыз әні», – деп тебіренген әже «Сен сұлуды» өзінің әнімен сыры кетсе де, сыны кетпеген қоңыр үнімен сызылта шырқап берді.
Кеш тізгінін ұстаған қазақ хандарының прототипі іспетті тұлғалы актер Тұңғышбай Жаманқұлов Хабиба апаны әңгімеге тартып, көбіне жатқа білетін өлеңдеріне кезек беріп отырды. Лирик ақын Мағжан­ның барлық өлеңін санасына түйіп, көңілімен тоқыған актриса ғасырға таяса да, ақын өлеңдерінің бірде-бірін ұмытпап­ты. Бірінен соң бірін жіпке тізген маржандай оқып бергенде, әсерленбеген адам қалма­ды. Бала күнінен қалыптасқан құймақұлақ­тығы – әжемізді өзгелерден басым етіп тұратын артықшылығы. Актерге ең қажетті қасиет есте сақтау болса, Хабиба апа бұл касиеттен кенде емес. Хабиба апаның әкесі Қарақбай әнге құмар, сері болған екен. Қай жерде жақсы, жаңа ән бар десе, кісі жі­бертіп, алдыртып үйренген көрінеді. Ха­биба апаның тоғыз жасында әкесінің інісі Зәрубай Шәкәрімнің «Жастық туралы» деген әнін алып кеп, елге таратыпты. Сондағы үйренген әні – қазіргі көпшілік білетін, Абайдың «Сегіз аяғы» деп жүрген ән. Ал «Сегіз аяқтың» Абайдың өзі шығар­ған әуені мүлде басқа, оны да бүгінге жеткізген – Хабиба апа. Бұл әндер Мұрат Әбуғазының «Сарыарқа әндері» жинағына Хабиба апаның айтуымен енген болатын.
Тұшымды киноға шөліркеп жүрген жұртшылықты «Паһ, шіркін!» дегізген «Біржан салдың» халыққа жол тартқан кезі болатын. Сол уақытта өткен-кеткен жайлы сыр тартатын әдетіммен Хабиба апаның үйіне барып, әңгімелескенімізде «қазақ киносының тарихында мен секілді 93-ке келіп киноға түскен ешкім жоқ шығар» дегені есімде. Шындығында, түйеге отыр­мақ түгіл, бұрынғы әңгімені қаузауға шау тартқан соң шамасы келмей қалатын қариялардай емес, керісінше, өзінің сүйікті ісіне келгенде оттай лаулап жанған актрисаны көріп, көрерменнің Мәдияр әже образынан ләззат алғанын білеміз.
Досхан ЖОЛЖАҚСЫНОВ, театр және кино актері, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi:
– Бүгін – бір қасиетті күн. Оразаның бұл күні бір-бірімізді қуантып қана қоймай, тілеуімізді тілеп, ұлы өнер жолындағы қасиетті сөздерімізді айтатын күн іспеттес. Кимешегі кірлеп көрмеген Хабиба апамыз­ды айтсақ, есімізге Жүсекең, Жүсекемізді айт­сақ, Хабиба апамыз еске түседі. Жү­секең, Серағам, Камал ағам бар, Шығыс Қа­зақ­стандағы біздің үйден кезінде дәм тат­қан еді. Әкемнің бойындағы өнерін көр­ген Жүсекең тіпті әкемді алып та кете жаз­дады. Бірақ кеңес партиясында қызмет­те жүрген адамның жайын білесіздер. Осы жағынан бұл әулет маған өте жақын еді. «Біржан салдағы» Мәдияр апа – Хабиба апамның өзі. Біз кезінде көп аға-апалары­мыз­ды өзі сүйген ұлы өнерге құлашын ай­қара ашқызып, сермете алмадық. Хабиба апаның кинодағы сол Мәдияр апа образы менің, киноның, бүгінгі көрерменнің бақы­ты ма деймін. Хабиба апаның өнерге, өмір­ге деген сүйіспеншілігін үлкен өнеге ре­тінде қабылдауымыз керек. Бұл – бір конс­титуция. Ол – өмірдегі, өнердегі аяқ алы­сының өзін ары ретінде алып жүрген кей­уана. Зердесі бүгінгі компьютерді сүрін­діретін, жадысы ашық, ең ғажабы, өмірге, өнерге сүйіспеншілігін арқалаған Хабиба апамызбен бірге жер басып, қатар жүрген біз бақыттымыз. Кешегі Сәбира, Хадиша апаларымыздың бүгінгі көрінісі, ол кісілер­дің аманаты, Алланың шуақты көзқа­расына түскен кейуана – Хабиба апа. Хабиба апа! Ұлы өнеріңіздің, ұлы мәдениеті бар мемле­кетіңіздің етек-жеңін жинап, егемендігін алған кезін көрген сіз бақыт­ты­сыз. Сол та­рих­тың, мәдениеттің ұлы кө­шін бастап келе жатқан апамыз болып жай ғана өнеріңізді паш етпей, тарихтан шежіре шертуіңіз, оның куәгері біз болуымыз да – бақыт. Жа­са­ңыз, Хабиба апа! Сіздің бүкіл өн бойы­ңызда халқыңызға, мәдениетіңізге де­ген сеніміңіз, тілегіңіз бар екенін білеміз. Өзі­ңіз тілекші болып отырған ұлы өнер жа­сасын!
Өзінің еңбек жолын туған өлкесі Қар­қара­лы халық театрында бастаған Хабиба Қарақбайқызы 1935 жылдан бастап М.Әуезов атындағы театрда қалтқысыз қыз­мет етті. Ол – ұлттық театрдың іргесін қала­ған тұлғалар келген тұста бірге келген, со­лар­дың бүгінгі соңғы тұяғы. Белгілі ак­триса­ның сахнадағы алғашқы рөлі – Ж.Шаниннің өзі жазып, өзі қойған «Арқа­лық батыр» тарихи драмасындағы Қаракөзі М.Әуезовтің «Абайындағы» Қанікей, Ұлжан, «Қарақыпшақ Қобыландыдағы» Кү­ні­кей, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» Мақпал, Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісіндегі» Қырмызы, Б.Майлиннің «Майданындағы» Мамық, Қ.Аманжоловтың «Досымның үй­ле­нуіндегі» Айғаным, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланындағы» Айнаш рөл­деріне ұласты.
Хабиба Елебекованың әншінің жары ғана емес, қазақтың ән өнеріне қосқан үлесі де зор екенін жоғарыда айтып өттік. Өз жұбайы, жезтаңдай әнші Жүсіпбек Елебеков туралы «Үні кетпес құлақтан», «Ән-Аманат», «Қайран Жүсекем» кітаптары әнді сүйген есті оқырманға көп мағлұмат берері хақ.
Кешке Ғ.Мүсірепов атындағы Мемле­кет­тік академиялық балалар мен жасөс­пі­рімдер театры, Қ.Қожамияров атындағы Рес­публикалық мемлекеттік ұйғыр музыка­лық комедия театры ұжымдары қазақ теат­ры­ның анасын құттықтай келіпті.
Ж.Еле­беков атындағы эстрада-цирк кол­лед­жі­нің директоры Бибігүл Нұрғалиқызы қыркүйектің басында колледж алдында қазақтың біртуар әншісіне арналған мүсін­нің ашылатындығын айтып, жағымды жа­ңалықпен «сүйіншіледі».
Кеш соңында өнер иесіне, Анаға деген құрметін білдірген қалың көпшілік 95-ке келсе де, айтары таусылмаған өнер май­тал­манымен енді 100-інде жүздесуді тілеп тарқасты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста