"Маған қарсылас керек емес": Айжұлдыз Адайбекова болашақ жарынан қай кезде артта тұратынын айтты
Белгілі мобилограф Қыран Елеместің бұрынғы әйелі Айжұлдыз Адайбекова болашақ жары туралы айтып, өзін қандай келін ретінде көретінін жеткізді, деп хабарлайды Қызықты Weekend бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бақыттымын. Көңілдімін. Еркінмін, бәрібір. Бірақ мұның бәрі установка. Көбісі адамды робот сияқты дайындайды. Келін деген берекелі сөз ғой. Көп адамдар берекесін қашырып алады. Бұл жердегі басты нәрсе - махаббат, қарым-қатынас және сыйластық. Басқа ештеңе керек емес. Қазір көп байқаймын, бұрын жарқырап жүрген адамдар тұрмыс құрады да, жоқ болып кетеді. Адам өз-өзін жоғалтады. Ал адам өзін жоғалтпауы керек. Мейлі балаң болсын, мейлі күйеуің болсын, адам бірінші кезекте өзін жоғалтпауы керек. Екеуі бірге өсуі керек", - деді ол. Сондай-ақ Айжұлдыз қандай жағдайда ер адамнан артта жүретінін айтты. "Сыйластық жағынан - иә. Ал шығармашылық жағынан - жоқ. Менің ойымша, болашақ жарым онсыз да шығармашылық адамы. Шығармашылықтан шектейді деп ойламаймын. Ондайға сенбеймін. Шығармашылықтан шектейтін адам жар емес, қарсыласқа айналады. Маған қарсылас емес, мені түсінетін, қолдайтын адам керек", - дейді Айжұлдыз Адайбекова. Айта кетелік, Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбекпен ресми некеде тұрмағанын мәлімдеген болатын.