Айтуға ұят! Жазуға тіпті қиын. Кешіріңіздер, жазбасқа болмайтын болды. Келдік, қазақ! Рухани құлдыраудың жартасының жиегіне келіп тоқтадық! Ғаламторды кезіп жүрген қазақ жастарының әні «Маған негізі сенің көтенің ұнайды...» деп аталады. Қайырмасында қайта, қайта осы сөз айтылады. Қаракөз қыздарымыз әлгі жерін былқылдатып әрі-бері өтетін бұл клипті мыңдаған адам көріп үлгеріпті. Әлі де көре береді. «Сырғаңды қайық қылып өткіз мені..» деп сүйгеніне сыр айтатын қазақ баласы енді сезімін осылай білдіретін болады. Бұған кім жауапты? Ұлттық құндылықтарды кім қорғайды? Бізде осы мәселемен тікелей айналысатын бір мекеме бар ма? Әй, қайдам! Өз басым жауап таба алмадым.