«Маған карантин ұнап жатыр»: Қайрат Нұртастың әйелі журналистерге ренішін білдірді

«Маған карантин ұнап жатыр»: Қайрат Нұртастың әйелі журналистерге ренішін білдірді

"Карантиндерің қалай өтіп жатыр?" деген сұраққа Қайраттың жанымда ұзақ жүрген сәті осы деп айта келіп, менің (елдің емес) осындай карантинімнің ұзақ созылуын тілеп, әзілдеген едім.
Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жалған ақпарат таратқаны үшін журналисттерге ренжілу екенін жазады деп хабарлайды NewsRoom+. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған.

Бәленің басы мынадан басталған. Жұлдыз өзінің берген сұхбатында "маған карантин ұнап жатыр, ұзағынан болса екен!" дегені әлеуметтік желіде онлайн сұхбат беріп, жарияланған болатын. Оны көрген желі қолданушылары "Мынаның әйелінің дені сау ма?", "Карантин ұнап жатыр, ұзағынан болсын дегені несі?",

"Әрине, ақшасы жеткілікті болса, карантин ұнайды, қарапайым халықтың жағдайымен ешкім санаспайды!" деген пікірлерін білдірген.

Қайраттың жары бұл жөнінде өз пікірін білдіріп, жазба қалдырған.

"Мен журналистерді құрметтеймін! Олар жалған ақпарат таратпайтынымен, сауаттылығымен құрметті. Ал аузыңнан шыққан сөзді бұрмалап, өсек жасайтындарды журналист деп есептемеймін! Осыдан кейін неге сұхбат бермейсіз дегендерге себеп түсінікті шығар.

"Сөзді тісіңнен шыққанша сен басқарасың, тісіңнен шыққан соң сені басқарады" деген. Енді түсіндірме бере кетейін:

Сұхбат басталмас бұрын "халық шаршады, сәл позитив керек. Көңілді отырыңыздар!" - деген.

"Карантиндерің қалай өтіп жатыр?" деген сұраққа Қайраттың жанымда ұзақ жүрген сәті осы деп айта келіп, менің (елдің емес) осындай карантинімнің ұзақ созылуын тілеп, әзілдеген едім. Және сөзімнің соңында елдегі жағдай тезірек аяқталып, амандықтықта қауышайық деп аяқтадым. Жазғышбектер соңғы сөзімді алуды ұмытып кеткен бе, естімей қалған болар. Оларға хайп пен көрермен керек болса, маған абыроймен тазалық керек", - деп жазады Жұлдыз.

Сондай-ақ ол "елімізде басқа да талқынатын тақырыптар жетеді. Шынайы журналист боп, халық үшін қам жесеңіздер менің сөзімді емес, жағдайы нашар халықтың күйін ашық көрсетіңіздер. Осыдан кейін қайдағы өсу, қайдағы деңгей! Төтенше жағдай кезде менің сөзімнен басқа талқылау болмаса", - деп ренішін білдірген әншінің жары. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста