"Маған арнап жазған әніңді мен сен жайлы орындаймын": Әнші Диная Ринат Гайсинге сезімін білдірді

Әнші Диная (Динара Қайырова) композитор Ринат Гайсинді туған күнімен құттықтап, оған деген сезімін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сен маған арнап жазған "Сүйемін" әнін мен сен туралы орындаймын. Шығармашылық үшін рахмет. Өміріміздің жарқын бояулары үшін рахмет. Аман бол. Барлық мақсаттарың орындалсын. Туған күніңмен, маэстро", - деп жазба қалдырды Диная желідегі парақшасында.

Ол аталған әннің үзіндісін жариялады. 

Айта кетейік, Диная мен Ринат Гайсиннің қарым-қатынасы туралы ақпарат бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Композитордың ажырасуын да көпшілік осы махаббат хикаясымен байланыстырған. Алайда 2018 жылы берген сұхбатында Диная "ешкімнің отбасын бұзбағанын" айтқан еді.


"Үнді махаббаты": Жұбайына гитарамен ән арнаған Нұртас Айдарбеков елді тәнті етті


"Мен арымның алдында тазамын. Ешкімнің отбасын бұзбадым. Мен болмай тұрып, ол отбасы бұзылған. Қазір ажырасу процесі жүріп жатыр. Мен Ринатпен бірге тұрмаймын. Бала да туып алған жоқпын. Бізді әзірге тек шығармашылық байланыстырады. Бірақ Ринаттың мені сүйетінін білемін", – деген еді әнші.

Айта кетейік, Диная "Жаңа толқын-2015" байқауында 2-ші орын иеленген еді. Әнші көпшілікке сол кезден бастап танылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста