Әнуардың тұсауын Мадина Роза Рымбаеваға қиғызған болатын. Артынша оразаға бір күн қалғанда дүркіретіп туған күнін тойлады. Көптеген әншілер қауымы жиналып, ұлына жақсы тілектер мен батасын айтты.
Алмарасандағы қазақи нақышта өрнектелген, табиғат аясында, тағамдары ерекше «Алма Сай» мейрамханасына еліміздегі жұлдыздардың қатысуымен Әнуардың бір жасқа толған туған күні аталып өтті. Арнайы ұйымдастырушылар түрлі шарлармен мейрамхана алдын безендіріп, аниматорлар келген қонақтың көңілін аулап жүр. Көптеген өнер адамдары, оның ішінде Нұрлан Албан Әнуарға көліктің кілтін тапсырыпты. Сондай-ақ, досы, актер Азамат Сатыбалды «Батырлар эпосы» кітабын сыйға тартыпты. Өскенде міндетті түрді оқытамыз дейді,-Мадина. Тойды Олжастың достары басқарыпты. Туған күнде сүйікті әншісі Роза Қуанышқызы мен ұлы Әли де төбе көрсетті.