Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова демалыс күнін қалай өткізгенін көрсетіп, желідегілердің талқысына түсті. Өнер иесінің жариялаған суреттері оқырмандары арасында пікірталас тудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова фотоларын Instagram парақшасында бөліскен.
Белгілі болғандай, әртіс демалыс күндері шаңғы тебуге барған. Әнші шаңғы тебуге ден қойғанын айтып, желіде өз суреттерін жариялады.
Алайда Сәдуақасованың спорттық киімі елеусіз қалмады. Оның образы оқырмандардың пікірін екіге бөлген.
Бірі Сәдуақасованың мінсіз мүсініне тәнті болса, енді бірі оны аяусыз сынға алған.
"Қандай керемет, демалысты осылай өткізу керек", "Не деген мінсіз ару", "Фигураңыз от", "Мадина қартаймайсыз, әлі талдырмаш мүсінді бойжеткен секілдісіз", "Ұят емес пе?", "Неге осыншама жабыстырып киіп алғансыз?", "Ерсілеу көрінеді екен киіміңіз", "Бөксесін шығарып тұрғаны ерсі екен", - деп жазуда олар.