Мәдина Ералиеваның мәйітіне сараптама жасаған дәрігер құпияның шетін шығарды

Мағауия Бөкешовтің сөзінше, күнделікті қайтыс болған қаншама адамға сараптама жасап жүрсе де, әншінің мәйітін тексеру барысында таңғалған.

Мәдина Ералиева ақтық демі таусылар сәтте ол жанында болған адамдарға «қарарсыңдар» деп, соңғы сөзін айтқан. Ералиеваның соңғы сөзі нені аңғартуы мүмкін екеніндігі көпшілікті толғандырған. Ақыры әнші жалғыз ұлы Әрсенді табыстаған болар деген байламға келген, деп хабарлады turkystan.kz.

Ал жол апатының салдарынан мерт болған Мәдина Ералиеваның денесіне сараптама жасаған дәрігер Мағауия Бөкешов 18 жылдан кейін іште сақтап келген құпиясының шетін ашты.

«Жұмыс барысында мамандығым  патологанатом болғандықтан, жансыз Мәдинаның мәйітіне медициналық сараптама жасадым да, қортындысын жазған едім»,- дейді Байқоңыр сот-сараптама орталығының жетекшісі Мағауия Бөкешов.

Мағауия Бөкешовтің сөзінше, күнделікті қайтыс болған қаншама адамға сараптама жасап жүрсе де, әншінің мәйітін тексеру барысында таңғалған.

«Сараптама кезінде Мәдинаның қос өкпесі өзге ағзалардан кішкентай ғана екенін көріп таңғалдым. Әр адамның анатомиясы әртүрлі болатыны белгілі ғой. Менің дәрігер ретінде айтарым, әдетте әншілердің  өкпесінің шағын немесе үлкен болуы ән айтқанына байланысты болмайды. Бұл ауыз қуысындағы дыбыс шығару жолдарына қатысты. Сараптама қортындысына «көлік жарақаты» деп қорытынды жаздым. Бұл жайт маған да оңай тимеді. Мәдинаны кім танымайды дейсің?! Туыстары мәйітін алып бара жатқанда іштей «иманды болсын» деп, көз жасымды сығып қала бердім», – дейді дәрігер Мағауия Бөкешов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста