«Мәдениет» арнасы ашылды

«Мәдениет» арнасы ашылды

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қазақ телевизиясының жаңалығы көп. Биыл «Балапан» телеарнасының ашылғанына бір жыл толып, «Қазақстан» телеарнасы толығымен мемлекеттік тілге көшті. Енді ұлттық және әлемдік өнердің жаршысы болатын «Мәдениет» телеарнасы іске қосылып отыр.
«Қазақстан» республикалық теле-ра­дио ­корпорациясының ұйытқы болуы­мен ашылып жатқан «Мәдениет» те­леар­насы 80 пайыз қазақ тілінде және 20 пайыз өзге тілдерде хабар тарататын бо­лады. «Мә­дениет» арнасын ашудың не­гізгі мақ­саты – көрермен қауымды отан­дық және әлемдік мәдениеттің нә­рім­ен су­сын­дату. Ол үшін жаңа телеар­на­да қазақ киносының ең үздік көркем туын­ды­ла­ры, деректі фильмдер, әлем­дік кине­ма­тографияның бірегей туын­дылары, атақты тұлғалардың өмірбая­нына арналған бағдарламалар, опера, балет және театр бағдарламалары көр­се­тіл­мек. «Қазақстан» РТРК-ның негізін­де спут­никтік, кабельдік және интернет бай­ланысы арқылы республиканың түк­пір-түкпіріне тарайтын жаңа арнада «Ақ­сарай», «Сол жылдар», «Өркениет», «Қыл­қалам», «Ғасырлар пернесі», «Ал­тын көмбе», «Кітапхана», «Әлі есімде», «Жүз­десу», «Көкжиек» музыкалық-та­ным­дық бағдарламалары, сондай-ақ «Абай» және «Қазақ даласының құпия­ла­ры» деректі фильмдері сияқты тың жо­балар көрермен қауымға жол тарт­пақ.
«Балапаннан» базарлық
Сондай-ақ бүгін, қыркүйектің 27-сі күні, «Балапан» телеарнасының іске қосылғанына бір жыл толып отыр. Биыл тәй-тәй басқан жаңа арнаның кішкентай көрермені көбейді. Сол себепті жаңа мауысымда «Балапан» жаңа жобаларды қолға алуда. Олардың ішінде «Сана­мақ», «Жүзден жүйрік», «Тентегім», «Ба­уыр­сақ», «Құлыншақ» және «Hello, Бала­пан» сынды оқу-танымдық, әзіл-сы­қақ бағдарламалары, сондай-ақ «Бал­дырған» мультсериалы бар.
Ұлттық арнада – жаңа жобалар
Ал биылдан бастап мем­лекеттік тілге толығы­мен көшкен «Қазақстан» телеар­насы ұлттық тілді дамыту ісіне жаңа серпін беруді жоспарлап отыр. Биыл арнаның маусымдық кестесі кеңейіп, көрермен қауым «Саз тол­ғау» музыкалық-танымдық ток-шоу, «Дауа» медициналық бағдар­ламасы, «Алаң» пікірталас клубы, «Иман айнасы» хабары, «Өзекжар­ды» жобасы, «Даму» индустриал­дық ток-шоу, «Болашақ» телехикая­сы,  «Тәуелсіздік шежіресі» және  «Отандастар» деректі фильмдер топтамасын көре алады.

Мансұр ХАМИТ (фото)
Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары:
– Биыл біз қазақ телевизиясы тарихындағы екі бірдей оқиғаға куә болып отырмыз. Оның бірі – «Қазақстан» телеарнасының толық мемлекеттік тілге көшуі болса, екін­шісі – «Мәдениет» арнасының ашы­луы. Негізі, «Қазақстан» телеар­насы ашылған күннен бастап ұлттық мүддеге жұмыс істеп келеді. Осы телеарнаның журна­лис­тері мемлекеттік тіліміз бен ұлттық болмысымызды сақтау жолында аянбай еңбек етіп жатыр. Олар Қазақстан Тәуелсіздігінің рухани негізін қалады десек те болады. Мінеки, енді «Мәдениет» арнасы ашылып отыр. Бұл – қазақ телевизиясының жаңа дәуірі.
Сағатбек ҚАЛИЕВ, «Мәдениет» телеарнасының директоры:
– Негізі, арнаны ашудың алдын­да біз көп ойландық. Себебі «Эфир­ді толтыра аламыз ба?» деген сауал болды. Бірақ қазақ халқының, жал­пы түркі халықтарының мәдениеті терең екендігін ескерсек, эфирді толтыру жұмысында қиындық бол­май­тыны хақ. Жаңа арнада қазақ­тың ұлттық өнерімен қатар Қазақс­тан жерінде тұрып жатқан өзге ұлттар­дың мәдениеті де көрсетіледі. Осы уақытқа дейін біз 18 бағдарла­ма­ны әзірлеп қойдық. Бұдан басқа,  қазіргі кезде әлемдік мәдениеттің үздік туындылары сатып алынуда. Оны да көрермен қауым «Мәде­ниет» арнасының эфирінен көре алады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста