Мәдени дағдарыстың алдын алуға кірістік

Қандай да бір мемлекеттік маңызды шаруа болсын оған, ең алдымен, БАҚ қызметкерлері жұмылдырылатыны рас. Алайда біздегі мәдениет майданында қолданып отырған тактикалық іс-жоспарларымыз қаншалықты нәтиже беруде, бүгінгідей дағдарыс кезеңінде руханият мәселесіне қай деңгейде көңіл бөліп отырмыз? Осы орайда кеше еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінде сансыз сауалдарға жауап іздеуге талпыныс жасаған алқа мәжілісі өтті.
Ақиқатын айтсақ, соңғы уа­қыт­та Мемлекет басшысы мен Үкі­мет еліміздің мәдени-ақпарат­тық саласына айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Жуырдағы бюджет шығыстарын қысқарту мен оң­тайландыру жұмыстарына қара­мас­тан, мәдениет саласындағы стра­тегиялық жоспарларға өзге­рістер енгізілмеген.
Жиын барысында, негізінен, мем­лекеттік тіл мәртебесіне мән беру барысын барынша байыпты жет­кізген министр биылғы жыл­дың халық санағы бойынша Қа­зақстанда қазақ халқының па­йыз­дық көрсеткіші 67 пайызға же­тіп отырғандығын тілге тиек ете келе: «Алдымен мемлекеттік тілді қолдау ісін министрліктен бас­тауымыз керек. Кеше ғана өз­деріңіз куә болдыңыздар, Үкімет мәжілісінде Премьер-министр оты­­рысты басынан аяғына дейін қазақ тілінде өткізді. Әріптесте­ріміздің барлығы шамалары кел­генше қазақша сөйледі. Осы үр­діс алдағы уақытта да тап осы ба­ғытта жалғасатын болады. Біз бір­те-бірте осыған үйренуіміз ке­рек», – деді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР мәдениет және ақпарат министрі:
«Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі мен ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгілік қалады. Біздің жұмысымыз­дың негізгі мақсаты да осыған бағыт­талуы керек. Біз халқымыздың өркен­деген­дігінің белгісі ретінде ана тіліміз­де сөй­леуді дәстүрге айналдыруы­мыз ке­рек. Әрине, өзге ұлт өкілдерінің жағдайын түсінеміз. Бірақ мемлекеттік тіл­ге деген құрмет болуы қажет».

Осы басқосуда белгілі болғандай, бү­гін­гідей қаржылық дағдарысты рухани дағ­да­рысқа ойыстырмай, ұлтқа қатысты тү­йінді мәселелерді бірігіп шешуге ұмтылыс жа­­сау керек екені аңғарылды.
Қазіргі экономикалық қиындықтарды ең­­серу жолында, басқа да бюджеттік ме­ке­ме қызметкерлері сияқты мәдениет са­ла­сының барлық мамандарының айлық жа­­лақылары 25 пайызға өскенін айтып өт­­кен министр «ұлттық театр» деп аталатын неміс, корей, ұйғыр театрларының ма­мандарының жалақылары осы театрларға ака­демиялық мәртебе берілуіне бай­ланысты екі есеге дейін көтерілгенін тіл­­ге тиек етті. Аталған саладағы жа­ғым­ды жаңалықтардың бірі – Шәкен Ай­­манов атындағы «Қазақфильм» ки­но­студиясының биылдан бастап ұлт­тық та­қы­рып­тарға біржолата бет бұр­ған­ды­ғы. Онда бүгінгідей тиын-тебен тап­шы­лы­ғына қарамастан, министрліктің жос­па­рына сәйкес отандық фильмдер мен се­­риалдарды түсіру жұмыстары қолға алы­нуда.
Десек те, сала басшысы кейбір отандық те­­ле-ра­диокомпаниялар мемлекеттік тіл­ді мансұқ етіп, тым құрығанда, тілге қа­тыс­ты 50 де 50 заң талабының өзін орын­да­май отырғандығын осы мәселеге жа­уап­ты лауазым иелеріне қатаң ескерту жа­­са­ды. Бұған қоса, Мұхтар Абрарұлы Қа­­зақ­­стан театрларының барлығын дерлік жа­­ңа заман талаптарына сай арнайы тех­­никалық құралдармен жарақтау ке­рек­­ті­гіне тоқталды. Осыған байланысты: «Бү­­гінде Астанадағы театрларға бар бол­ға­ны 400-500 ғана адам келеді. Ал Ал­ма­­тыдағы театрларға 600-700 адам ба­ра­­ды. Сол себепті біз көрерменге қазақ опе­­ра­сының мүмкіндігін жеткізе алмай жа­­тырмыз. Осы кемшіліктің орнын тол­ты­ру үшін ұлттық телеарналарымыз «Қа­зақ­­стан» мен «Хабарға» арнайы тапсырма бе­­ріп, Қазақстандағы опера және балет теа­­трларының бүкіл репертуарын осы за­манғы сандық таспаға түсіруді көздеп отыр­мыз. Бұл бағыттағы жұмыстар қа­зір­­­дің өзінде басталып кетті», – деді ми­нистр.
Мәдениет мәселелерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталған сала басшысы со­ны­мен қатар ендігі уақытта еліміздің жас­та­ры «Болашақ» бағдарламасы бойынша ше­тел­дердің ең үздік деген беделді көр­кем­­дік жоғары оқу орындарында білім ала­тын­ды­ғынан хабар берді.
Тағы бір айта кетерлік жайт, Мәдениет жә­не ақпарат министрлігі Білім ми­нис­трлігімен бірлесіп келесі жылы Қа­зақ­стан мәдениеті мен археологиясы, эт­но­гра­фия­сы мен тарихы жөніндегі кітаптарды басып шығаруды жоспарлапты.
Мәжілісте мемлекеттік тілге мәртебе бе­­­ріп сөй­леген министр тіл мәселесін қол­дау ісінде, әсіресе отандық ақпарат жүйесі же­­місті де нәтижелі еңбек ету керектігін атап өтті. 2010 жылға дейін «Мемлекеттік тіл» бағ­дар­ла­масы бойынша барлық мем­­­ле­­­кет­тік мекемелердегі іс-қағаздарын жүр­­­гі­зу қазақ тіліне көшуі міндетті екенін ес­­керсек, атқарар шаруа шаш етектен еке­нін аңғару қиын емес.

«Уақыт тығыз, сөз қысқа» демекші, қысылтаяң кезде тығырықтан шығу да оңай емес. Әйтсе де,  «бізге басқаны емес, бірінші кезекте ақпараттық жүйені қазақыландыруға тырысу қажет» дегенді айтқан министрдің алдында таудай болып шешімін күтіп тұрған түйінді міндеттемелер баршылық.
Жалпы, жиын барысында қамтылуға тиіс мәселелердің бәрі айтылғандай. Ендігі меже: сөзден – іске.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста