Кеше Алматыдағы The Ritz-Сarlton салтанатты залында еліміздің элиталы тұлғалары бас қосқан L'Officiel Awards премиясын табыстау шарасы және жаңа Lexus LC 500 көлігінің таныстырылымы болып өтті. Бұл шараға қонақ болып барған Ләйлә Сұлтанқызының төсі ашық көйлегі елдің назарын аударып, қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.
Шараға қап-қара көйлек киген танымал тележүргізушінің көйлегі жұрттың назарын өзіне аударды. Олар көйлектің кеуде жағының тым ашық екенін көріп, түрлі пікірлерін жаудырды.
Кейбірі оны сынап, тұрмыстағы келіншектің жабық киінуі керек екенін айтып ескертсе, екіншілері бұл көйлек оның мүсінін айрықша етіп тұрғанын жеткізді.
Ал Ләйлә Сұлтанқызы болса, Алматы жиі келе бермейтінін, бірақ бұл шараға ат басын бұрмасқа болмағанын айтты.
Бұл суреттерді ол өзінің Instagram парақшасына жүктеген.