Ләйлә Сұлтанқызы марқұм әкесі мен ағасын еске алды. Жақындарын сағынышпен еске алған тележүргізуші олар туралы аяулы естеліктерін айтты. 
"Суретте әкем Сұлтан және ағам Руслан. Екеуі де өмірден ерте кетті. Бүгін әкелер туралы сырласайықшы. Әкем 50-ден енді асқан шағында инсульттан көз жұмды. Жастайынан жиі ауырды, ревматизм, қан қысымы бар еді.
Көзі тірісінде әкем маған дауыс көтеріп ұрысып көрмепті.
«Қызым оқысын-оқысын!» деп бар мүмкіндікті жасаған әкешім...
Әкемнің мінезі қандай еді! Өте сабырлы адам болатын. Күліп қана отыратын. Көп сөзі жоқ. Шешесі (әжеміз) қатал еді, сол кісінің қабағына қарап отыратын.
Ең қатты айтатын сөзі: «Әй, дүндік!» Дүндік деген не мағына беретінін де білмеймін сондағы.
Бір күні марқұм болған ағам 9-сынып оқып жүргенде үйден қашып кеткен, әкем жаңағыдай ұрысты. Ал сіздің әкеңіз қандай адам?", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 
Желі қолданушылары қайырлы болсын десіп, жұбату айтты.
"Менің әкем - ең жақсы адам!", "Менің əкем ен жақсы адам еді, қəзір дəл əкемдей кісілерді көре алмай жүрмін", "Менің әкем тамаша жан болатын, мықты шежіреші кісі еді", "Менің әкем ең жақсы адам болған,жаның жаннатта болсын,анам екеуіңнің", "Әкеңіз бен ағаңыздың жаны жәннатта болсын", - деп жазды желі қолданушылары. 
Айта кетейік, коронавирус өршіп тұрған шақта Ләйлә Сұлтанқызының ағасы ауырып, көз жұмды. Қазадан соң бір аптадан кейін марқұм ағасының қызы өмірге келді. 
Ләйлә Сұлтанқызы өмірге келген сіңлісінің жайын айтып, бұлтты күні шыққан күнге теңеді. Ал, марқұм ағасы көзі тірісінде қызының есімін өзі қойып кеткен екен.