Күшікбай батыр тұғырға қонды

Күшікбай батыр тұғырға қонды

Семейден ұлылар мекенін бетке алып, Қарауылға жол тартқанда алдымен көзге түсетін өзгеше мекен бар. Ол – дерекке бергісіз аңыздары­мен әйгілі Күшікбай батыр бұлағы. Қойнауына қасиет тұнған қарт Шыңғыстауға жол ашатын қақпа іспетті көрінетін бұл жердің өткен-кеткен жолаушы үшін жөні бөлек. Себебі ұлы Абай топырағына аяқ басқан жан алдымен осы Күшікбай бұлағының басына аялдайды. Жай ғана тоқтамай, тұнық суды қасиет тұтып, арна­йы ыдыстарына да толты­ра  алып кетіп жатады. Тау бауырынан сарқырай ағып жататын бұлақтың ерекшелігі сол – қыста қатпайды, жазда да суы бір толастамайды.


Күшікбай – ХVІІІ ғасырдың соңында өмір сүрген қазақ батыры. Батыр жайын­дағы нақты деректер мардымсыз болғаны­мен, ел ішіндегі аңыздан мәлімі, қоныс ет­кен жеріне тосыннан шабуылдап, ауыл­дас­тарының малын тартып әкеткен ойрат-қалмақтардың соңынан түре қуып келіп, осы жерде айқасқа түскен. Өн бойына шешек қаптап, ауыр халде жатқанына қарамастан, атқа қонған ол жаудың бетін қайтарғанымен, жарақаты ауырлап, жасы 20-дан енді асқанда осы жерде найзасына сүйеніп тұрып жантәсілім еткен.
Қалай десек те, бұл жердің тарихи мәні зор, ұрпақ үшін ұғымы терең. Алғаш рет ел аузындағы Күшікбай бұлағының баян­далуы М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінде көрініс табады. «Қорғансыз­дың күнінде» баяндалған оқиға 1914 жылы болған екен. М.Әуезов оны 1921 жылы жазған.
«Күшікбай батыр 21 жасында дүние салған екен. Ерте күннен жортуылға атта­нып, уақтың көп батырларының арасында бұ­ғанасы қатпағанына қарамай, талай қиын-қыстау сәтте ақыл тауып, қажымас қай­рат, ерен ерлік көрсеткен. Осындай өне­рінің арқасында ерте күннен батыр атын алған екен. Соңғы жылдарда көзде­ген мақсаты қолбасылық болып, аяғында оған да жеткен.
Батырдың көп мұратына жете алмай, жас күнінде қуаты қайнап, долданып өлген­дігінен моласы тұрған биіктің ба­уыры­нан боран, ызғар айықпайтын болған екен...»
Бұл – жоғарыда сөз еткен Әуезов шығармасындағы үзінді. Жазушының жазықсыз зорлық көрген Ғазиза қыздың тағдырын суреттеген әңгімесіндегі осынау шағын үзінді уақыт өте келе Күшікбай батырдың тарихта қалуына түрткі болды. Сол себептен де Күшікбай батыр дүние салған жерге бір тарихи белгі қою қажеттігі жұрт ойында жүргені де рас еді.
Жуырда  Шыңғыстау сырының құпия­сын ашар кілт іспетті Күшікбай батыр бейі­тінің басына монумент қойылып, көпшілік кө­кейіндегі игілікті іс жүзеге асты. Сал­танат­ты шараға қатысқан Семей қала­сы­ның әкімі Айбек Кәрімов Күшікбай батырға белгі қою тек бір ғана мақсатты көздеген біржақты іс емес, жалпы қазақ батырла­рына көрсетілген құрметтің көрінісі екендігін атап өтті.    
«Бітер істің басына, жақсы келер қа­сына» дегендей, Күшікбай батырдың басы­на тұрғызылған монумент «Күшікбай ба­тыр» қоғамдық қорының ұйытқы болуы­мен жүзеге асып отыр. Аталмыш қордың төрағасы, Семей қалалық мәслихатының депу­таты Қайрат Мирашевтің айтуынша, тарихи нысан құрылысы 2010 жылы қолға алынған. 20 шақырымнан көз тартатын батыр­дың дулығасы пішіндес монумент Маңғыстаудан әкелінген ақ таспен көмкерілген. Маңдайшасындағы қазақтың дом­бырасы мен еркіндікке ұмтылған аққу­дың да өзіндік айтар сыры бар. Ал дулы­ғадан сәл кейінірек қойылған белгітастың оң қапталына найзасы мен қалқаны орналастырылған.  Ертістің жағалауынан әдейілеп әкелінген алып тастың бетіне ақын Т.Жанғалиевтің батыр жайындағы толғанысы бедерленген. Тұғыртасы мәр­мәр­мен қапталған монументтің дулыға пішіндес болып иіліп келуі ұлылар мекеніне апаратын қақпа бейнесінде де көрінеді.  Монумент эскизінің авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, СМПИ көр­кемсурет-графика кафедрасының мең­геру­шісі Мадвақас Сексенбаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста