«Күн көсем» тұғырынан түсті

Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 18 жыл толғанда ғана теріскейде жатқан Қызылжарда азаттықтың лебі аз да болса сезіле бастағандай. Облыстық мәслихат ғимаратының алдындағы бұрын пролетариат көсемі Владимир Ленин тұрған алаңға еліміздің рәміздеріне арналған сәулеттік композиция қойылды.

Қызылжардың қақ ортасынан өтетін Ленин көшесі Қазақстан Конституциясы көшесі болып аталғанына да көп бола қойған жоқ. Енді осы көшенің бойындағы 1994 жылға дейін «күн көсемнің» ескерткіші тұрып, Лениннің атымен аталып келген алаң да қазаққа қайтты. Тәуелсіздік күні «Қазақстан Республикасының рәміздері» сәулеттік композициясын облыс әкімі Серік Біләлов ашты. Елтаңба, Туымыз бен Әнұранға ескерткіш орнату идеясы да – әкімдікі.

– Рәміздер – елдігіміздің, ұлттығымыздың белгісі. Тәуелсіз ел екенімізді барша әлемге паш етіп тұр. Ол әрбір қазақстандықтың жүрегіне отансүйгіштік сезім ұялатуы қажет. Сондықтан қаланың ортасына осындай сәулеттік композиция орнату идеясы келді. Бұл барлық мерекелік шаралар өтетін орын болады, – деді өңір басшысы ескерткіштің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Сәулеттік композиция құрамына биіктігі 50 метр мұнараға ілінген көк байрақ және оны қанаттай орналасқан қос тақта енген. Тас тақталарда осыдан 18 жыл бұрын Тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанның картасы, Ата заңымыз, ұлы халқымыздың кешегі тарихын бүгінгі күнмен жалғаған Алтын адам, «Астана-Бәйтерек» монументі қашалып бейнеленген. Жоба авторы – алматылық сәулетші Қазыбек Сатыбалдин.

Нұржан ӘШІМБЕТОВ, Петропавл қаласының әкімі:
– Сәулетшілер арасында байқау ұйымдастырдық. Барлығы жеті жоба келіп түсті. Комиссия солардың арасынан сәулетші Қазыбек Сатыбалдиннің жұмысын жоғары бағалап, таңдап алды. Сәулетшілер мен құрылысшылар екі айға жуық уақыт еңбектенді. Тудың көлемі – 9х4 метр. Биіктігі бойынша ол – қаладағы ең биігі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста