«Күміс көмей, жезтаңтай» жыл сайын өткізілетін болды

Бас жүлдесіне 1 миллион теңге тігілген І Алматы қалалық «Күміс көмей, жезтаңдай» дәстүрлі ән орындаушылар конкурсы өз мәресіне жетті.  Қыркүйектің 18-і күні Республика сарайында байқаудың гала-концерті болып, жүзден жүйрік сол жерде өздеріне бұйырған марапаттауларына ие болды.
Сонымен, «Көрермен көзайымы» атағы домбырада ән салу бойынша Мұса­ға­лиев Жасұланға, эстрадада Нұрболат Абдул­линге берілді;
«Сері жігіт» номинациясымен домбы­рада ән салғанда елді аузына қаратқан Талғат Әбуғазы мен эстрада саласында Асылхан Шалқаров марапатталды.
Ал «Әнші ару» домбырада ән айтуда Ғазиза Шаймахановаға, ал эстрада сала­сын­да Шәба Әденқұлқызына бұйырды.
Енді жүлделі орындарды иеленгендер арасында бұған дейін де қазақ сахнасы мен телерадио кеңістігін­дегі әндері ел-жұртын сүйсінтіп жүрген ару қыздар мен келісті жігіттері де бар.
Мәселен, үшінші орын домбыра саласы бойынша қос ару Баян Нұрмышева мен Айзада Қазбековаға, ал эстрадада Дәуренбек Мерғалиевке табыс етілді.
Жүлделі екінші орынмен домбырада ән салуда тағы да екі дарын иесі Кенжегүл Серікбаева мен Есбол Шаңбаев, ал эстрада бойынша Құрманғазы атындағы қазақ ұлт­тық консерваториясының биылғы түлегі Үмітжан Шегетаева марапатталды.
Бірінші орын домбырада жас дарын Жанқожа Аяповқа, ал  эстардада «ДеНАР» тобына берілді.
Кезек көптен күткен ақтық сәт, яғни Бас жүлдеге келгенде ел-жұрт тына қалды. Оны табыс ету үшін ортаға Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов мырза мен  Қа­зақ­стан­ның Еңбек Ері, аяулы ұстаз Аягүл Ми­ра­зова шақырылды. Солайша І «Күміс көмей, жезтаңдай» дәстүрлі орындаушы­лар байқауының бас жүлдесі үкілі дом­бы­расы үміт шырағын жаққан жас дарын Бекзат Әбілдин мен эстрадада ұлттық әуенді насихаттап жүрген «Керім сал» атты арулар тобына салтанатты түрде табыс етілді.
Әкім мырза осы сайыстың өту барысы­на көңілі толғанын алғыспен білдіре келе, енді бұдан былай бұл шараның жыл сайын өткізіліп тұруын өз қадағалауына алатынын айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста