Күләштің әні Астана төрінде қалықтады

Мансұр ХАМИТ (фото)

Таңғажайып дауысы және драмалық дарыны үшін «қазақтың бұлбұлы» атанған, қазақтың аса сирек кездесетін колоратуралық сопрано дауысты әншісі Күләш Жасынқызы Байсейітованың 100 жылдық мерейтойы Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі болған Алматы қаласында бастау алып, еліміздің барлық өңірінде жалғасын тапқан болатын. Ұлттық өнеріміздің, төл операмыздың алғашқы қарлығашының торқалы тойының құрметіне арналған мерекелік іс-шаралар тізбегі Сарыарқа төсінде, бас қаламыз – Астанада өз мәресіне жетті.
Елордадағы бұлбұл дауысты әншінің есімін иеленген Ұлттық опера және балет театрында өткен шараға жиналған көрер­мен­нің қарасы қалың болды. Мұны біз қар­ты мен жасының, артында қалған ұр­пақ­тарының бүкіл қазақтың мақтанына ай­налған тұлғасына құрметі деп түсіндік. Елі­міздің игі жақсылары бас қосып, зиялы қа­уым өкілдері аты аңызға айналған әнші ту­ралы жарқын естеліктер айтқан кеш «Кү­ләш Байсейітова – қазақ опера өнерінің негізін қалаушы» тақырыбында ұйымдас­ты­рылған көрмеден бастау алды. Сал­та­нат­ты кеш барысында жиналған көрер­мен­ге әншінің көзі тірі кезінде жазылып алын­ған бейнетаспадан, күміс көмей әнші орын­даған партиялардан үзінділер көр­сетілген соң, сахнаға көтерілген еліміздің мә­дениет және ақпарат министрі Дархан Мың­бай әншіні келер ұрпаққа насихаттау мақсатында атқарылып жатқан шараларға тоқ­талып, жиналған қауымға Премьер-ми­­нистр К. Мәсімов пен мемлекеттік хат­шы М. Құл-Мұхаммедтің салтанатты кешке жол­­даған құттықтау хаттарын оқып берді. Сон­­дай-ақ сала министрі әншінің қызы Қар­­лығаш Байсейітоваға құрмет көрсетті. Осы­лайша елорда төріндегі думанды той шы­мылдығы А.Жұбановтың «Той­бас­та­рымен» ашылып, Күләш Байсейітова орын­даған әндерге ұласты. КСРО Халық әр­тісі Ә.Дінішев, Қазақстанның еңбек сі­ңірген қайраткерлері Ж.Шыбықбаев, А.Ния­зова, Г.Дәуірбаева, М.Басбаева, Ж.Жар­қымбаева, көптеген конкурстардың лау­реаттары Г.Сапақова, Б.Таңарықов, Ә.Бе­кетаева, Г.Құрманғожаева және Мем­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты Н.Үсенбаева­лар әсем дауыстарымен кеш сәнін кіргізе түсті. Бұл­бұл әншісінің рухына қара орман қа­зағы тағзым еткен салтанатты кеш кон­церт­тің барлық қатысушылары орындаған, ән­шінің бойтұмары саналған осы «Гәкку» әнімен мәресіне жетті.
Дархан МЫҢБАЙ, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрі:
– Ұлттық опера өнерінің қалыптасу та­рихында есімі алтын әріптермен жа­зылған халқымыздың біртуар пер­зенті, қазақтың бұлбұлы атанған әйгілі әнші Күләш Байсейітованың туға­нына 100 жыл толуына арналған  сал­танатты кеш – еліміздің мәдени-рухани өміріндегі елеу­лі оқиғалардың бірі. Халықтың  ма­хаббаты мен құрметіне ие болып, бұл­бұл дауысты әнші атанған Күләш Бай­сейітованың 24 жасында «Кеңес Ода­ғының Халық әртісі» деген жоғарғы атақ­қа ие болуы – кез келген өнер ие­сінің маңдайына бұйыра бермейтін бақ. Ол бұл атақты Кеңес Одағында ал­ғаш иеленген көрнекті қайраткерлер Константин Ста­ниславский, Владими­р Немирович-Данченко, Василий Ка­ча­лов, Антонина Нежданова, Иван Мос­квин секілді өнер майталмандарымен бір­ге алды. Кү­ләш Байсейітованың әлем­дік, орыс жә­не қазақ классикалық опе­ралары ре­пер­туарларында сом­даған рөлдерінің гал­лереясында Ма­дам Баттерфляй, Та­тьяна, Ақжүніс, Са­ра, Ажар образдары ерек­ше орын ала­ды. Сондай-ақ оның ал­ғаш сом­даған «Қыз Жібек» опе­ра­сындағы көр­кем бейнесі ұлттық музыка өне­рінің мақ­танышы болып қала бермек.

Елена ТЕРЕНТЬЕВА, Ресей Үлкен театрының солисі, кешке қатысушы:
– Мен осы тарихи күннің куәгері бол­ға­ныма, қазақ халқының маң­да­йына біткен шоқ жұлдызы Күләш Бай­се­йітованың 100 жылдық мерей­то­йы­ның қатысушысы атанғаныма ба­­­­қыт­тымын. Мен Күләш Бай­се­йі­то­ва­ның бейнежазбалары сақталғанына қуа­ныштымын. Осы сақталған бей­не­баян­дар арқылы ол кісінің ешкімде қай­­таланбас керемет дауысын тыңдап, нұр­лы бейнесін көруге болады. Бүгін ол кі­сінің әлем сахналарында орындаған көп­теген әндерін мен де орындап жүр­мін. Мен ол кісіні тыңдаудан еш жа­лық­қан емеспін. Күләш Байсейітова де­ген­де, менің көз алдыма бұлбұл құс елес­тейді. Жай ғана бұлбұл емес, жылы тем­брлі, қазақтың кең де бай сахара да­ласында қанаты талмай, шалқып ұшып, әнімен бүкіл даланы думанға бөлеп жүрген бұлбұл.

Қаперге!
Көптеген энциклопедиялық анықтамалықтарда Күләш Байсейітованың туған күні 1912 жылдың 2 мамыры деп көрсетілген. Әсілінде әнші 1912 жылдың 12 қаңтарында жарық дүние есігін ашқан екен. Ал «Туған күнін не үшін өзгерткен?» деген сұрақтың басы ашық. Бір анығы, бұлбұл әнші көктемді жақсы көретін. Тағы бір даулы мәселе – қазақ бұлбұлының туған жері. К.Байсейітова өзінің өмірбаянында Алматы облысы деп көрсетсе, кей деректерде Қарағанды облысының Ақтоғай өңірі деп кездеседі. Қалай дегенмен де, белгілісі – Күләштің анасының есімі – Зибажан, әкесінің аты – Жасын. Етікшілікті кәсіп еткен Жасынның отбасы қалт-құлт тіршілік кешеді. Содан да болар, бала Күләш балалар үйінің дәмін ерте тартады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста