Күйші Мұрат кешіне шақырады

Кешегі Құрманғазы, Тәттім­бет, Сүгірлердің бармағынан тамған тылсым құдіретті бүгінге жал­ғап жүрген күйшілер бүгін де бар. Солардың бірі – елге таны­мал күйші, Құрманғазы атын­дағы Қазақ ұлттық консер­ваториясының ұстазы, ҚР мәде­ниет қайраткері Мұрат Әбуғазы.
Өнерде өзіне тән сүрлеуі бар Мұрат Әбуғазыны тек дәулескер күйші деп қара­сақ, жеткіліксіз, сонымен қатар ол – күй ме­нен әндердің тарихын зерттеу ісіне де барынша үлесін қосып, барын түгендеп, жоғын бүтіндеп жүрген азамат. Осы салада автор болып та үлгерген Мұрат Қазен­ұлын оқырман «Шығыстың шыңырау күйлері» деген антологиясымен қатар, «Қазақтың 1000 күйі» секілді ірі еңбектерді құрастыру­шысы деп те біледі.
Алайда күйші осы уақытқа дейін әлі өзі­нің жеке кешін өткізбеген екен, енді биыл Алматы қаласының «Мәдениет жылына» орай, осы іске тәуекел етіп отырса керек. Сонымен ертең, яғни, мамырдың 30-ы күні сағат 18.00-де ғылым ордасының концерт залында (бұрынғы ғалымдар үйі, Құр­ман­ғазы көшесі, 29 үй) күйші Мұрат Әбуға­зының «Дүлдүл домбыра, күмбір күй» атты жеке концерті өтеді. Ол кеште сонау Кетбұға бабамыздан бастап, Тәттім­бет, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сүгір, Дина, Нұр­ғиса сынды қазақ күй өне­рі жауһарларының ең таңдаулы, ең танымал күйлері шертілмек. Концертке сондай-ақ «Сазген сазы» фольклорлық-этногра­фия­лық ансамблі және ҚР мәдениет қай­раткері, сыбызғышы Талғат Мұқышев, әнші Ардақ Исатаева, жыр­шы Ұлжан Байбосынова сынды өнер майталмандары қатысады.
Келем деушілерге есік ашық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста