Аша Матай отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бүгін сіңлісі Айсәуле Бақытбекке сырға салып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қуанышты жаңалығын айтқан Аша Матай құдалықта отырған сәтінің видеосын жариялады.
«Бүгін Айсәулеміздің сырға салу рәсімі өтеді. Құдалықтамыз. Үйімізде осындай үлкен қуаныш болып жатыр», – дейді қуанышын жасыра алмаған әнші Instagram желісінің Stories-інде.
Айта кетсек, Айсәуле Бақытбек таяуда болашақ енесін көрсеткен еді. Ол еліміздің бас онкологі болып шықты.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.