«Көзіме ерік бердім»: Қарақат Әбілдина мұңға батты

"Мұңнан кейін мықты дүние туып жатады. Кеше сондай бір көңілде күз орнаған күн болды", - дейді ол.

Қарақат Әбілдинаның анасы тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. Әнші ана туралы әнімен қоса анасының бейнесі бар кадрларды жариялаған. Мұны айтқан ол бір күн өткен соң төмендегідей жазба жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

"Мұңдымын деп шағынбаймын қашанда, Қорқам бірақ тіпті мұңсыз жасауға. Мүмкін бе екен шексіз сүйіп өмірді, Сол өмірдің мұңдарынан босауға". Ақындар, жалпы өнер адамдары мұңмен дос болып келеміз-ау. Мұңнан кейін мықты дүние туып жатады. Кеше сондай бір көңілде күз орнаған күн болды. Өзім бір мезгіл үйден ұзақтап, жалғыз қалып, сағынған жақынымды еске алып, бауырларыммен сөйлесіп, сырласып, шер тарқаттық. Көңіліме де, көзіме де ерік бердім. Суреттегі бейнемнен де көрініп тұрған болар. Кеше менімен бірге біразыңыз мұңайдыңыз, сағындыңыз, жыладыңыз. "Іштің кірін жумай ма көздің жасы" дейді ғой, бір жеңілдеп қалған боларсыз. Кей-кейде көңілде осылай қоңырсалқын кез болғанда өзіммен-өзім болып, өзімді тыңдап, өзіммен сырласамын. Сіз мұндайда қандай амал жасайсыз?!" - деп ағынан жарылды әнші.

Мұны оқыған оқырмандары әншінің мұңайғанына алаңдап қалған. Олар да өз аналары туралы естеліктерін жазып, әншіге сабыр пен жақсылық тілеуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста