"Көршілер " көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды (фото, видео)

"Көршілер "  көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды (фото, видео)

Таяуда "Хабар агенттігінің" тапсырысымен "Аю Синема" студиясы "Көршілер" атты 20 сериялық ситуациялық комедия түсірген болатын.

Қаладағы қарапайым көпқабатты үйлердің подъезінде қарапайым отбасылар тұрады. Әркімнің отбасы өзінше ерекше, әр үйде қайнаған тіршілік. Бір подъезде тұратын отбасылар қарапайым болғанымен олардың әрқайсысының өмір сүру салты әртүрлі. Құдай қосқан көршілер бір-бірімен қалай тіл табысады? Олардың арасында қандай кикілжің немесе күлкілі жайғдайлар болатынын көрермен аса қызығушылықпен тамашалай алады.Өйткені бір-біріне ұқсамайтын көршілердің арасында күнделікті небір қызықты жағдайлар болып жатады. 

Оқиға Ануар атты опера әншісінің өз пәтерінде қатты дауыспен айғайлап ән салуынан басталады. Әншінің әні көршілерінің мазасын қашырып, наразалықтарын тудырады. Ануардың әнінен әбден шаршаған тұрғындар оған ән айтуды қойдыру үшін барлығы аулаға шығып мәселе көтереді. 

Көршілердің бірі Гусевтер ұлттары орыс болғанымен қазақы салтты, дәстүрді берік ұстанған, ана тілін құрмет тұтатын отбасы. Отағасы домбырамен күй тартса, бәйбішесі қазақы дастарханды жайнатып отырған ибалы отанасы. 

Өнерпазовтар отбасының отағасы Ануар опера әнші, оның жары Мақпал ақ халаты абзал жан. Ал Тентекбаевтар отбасының аттарына заттары сай, ол үйдің отағасы полиция қызметкері. Бұл үйдегі Ғалымовтар отбасының орны тіпті ерекше. олар бүкіл жанұясымен ғалым. Олар химия, физикадан күнде бір жаңалық ашады. Ғалымовтар  өздерінің пәтерін тіпті зертханаға айналдырып жіберген. Ал жас отбасы  Қызметовтар отбасының кішкентай балалары бар. Отағасы мемлекеттік қызметте істейді. 

Мізездері баладай, көңілдері даладай сыйласып, сырласқан көршілердің арасындағы қызықты жағдайларға куә болғыларыңыз келсе күнде "Хабар" арнасынан "Көршілер" ситуайиялық комедиясысн көріңіздер. Мұндағы көршілер бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Әр сериясы 26 минуттан тұратын 20 сериалы комедияда актерлер  80 пайыз қазақ тілінде, 20 пайызы орыс тілінде сөйлейді. Ең бастысы, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 

Комедияның режиссеры Серікболып Өтепбергенов пен Еркебұлан Тасынов. 

 

 

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста